ФК КАЙРАТ: /

С.П.Квочкин атындағы балалар Академиясы.

 
С.П.Квочкин атындағы балалар Академиясы.
 
 
8-13 жастағы футболшыларға арналған Сергей Квочкин атындағы Академия негізгі команданың бұрынғы базасында орналасқан, мұнда ойыншының дамуы үшін барлық жағдай жасалған. Ол эксплуатацияға Балаларды қорғау күнінде, 2013 жылдың 1 маусымында берілді. Аталмыш нысан клубымыздың инфрақұрылымындағы ең алғашқы нысандардың бірі болып табылады. Академияда осы жас категориясындағы балалар үшін барлық жағдай қарастырылған.
 
 

• 1 табиғи алаң;

• 1 жасанды алаң;

• 8:8 арнайы ойындарына арналған жасанды алаң;

• ғимарат ішіндегі 1 кіші алаң;

• 1 гимнастикалық зал;

• жаттықтырушылар кеңсесі;

• әкімшілік кеңсе;

• 7 шешінетін бөлме;

• 1 конференц-зал;

• медициналық блок.