ФК КАЙРАТ: /

Іріктеу

Кез келген бала «Қайраттың» тәрбиеленушісі бола алады. Бірақ мұнда бір түйткіл бар.

Біздің Академияға түсу үшін көптеген талаптарға сай болу қажет, бұл талаптар балаларды іріктеу тәртібінде арнайы толық болып жазылған.

Жас футболшыларды «Қайрат» ФК скаутинг бөлімінің мамандары бірнеше фактор бойынша бағалайды.

Назарға техника мен жылдамдық секілді спорттық қасиеттері ғана емес, тұлғаның даму деңгейі мен әдеттен тыс ойы алынады.

Балаларды іріктеу бағытында «Қайрат» Футбол Клубының Философиясын насихаттау маңызды саналады.

Клуб Академиясының барлық жастағы командаларына сабақ бірдей бағдарлама бойынша жүзеге асады. «Қайрат» - мұндай қадамға барған қазақстандық алғашқы клуб. Клубтың барлық даму кезеңдерінен өткен Академия түлектері команданың негізгі құрамында жоғары деңгейде ойнауға дайын болады.

Барлық сұрақ бойынша мына телефонға хабарласыңыздар: +7-701-723-93-56