ФК КАЙРАТ: /

Боранбаев Кайрат Советаевич

Кайрат Боранбаев
Қызметі: Бақылау кеңесінің төрағасы
Туғвн жылы:: 22.09.66

Өмірбаян. 

1989 ж. - Қайрат Боранбаев Қазақ дене тәрбиесі институтын аяқтады, артынша бірнеше жыл бойы Қазақстан Республикасының спорт мектептерінде оқытушы-бапкер қызметінде тер төкті.

2000 жылдан бастап -  Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінде құқықтану мамандығын бітіріп, екінші жоғары білімін алды. Педагогика ғылымдарының кандидаты.

1993 жылдан бастап - мемлекеттік және бизнес-құрылымдарда әр түрлі басшылық қызметтерде болды.

2006 жылы Қайрат Боранбаев қазақстандық-ресейлік «ҚазГосГаз» кәсіпорнының Басқарма Төрағасы (Бас директор) болып тағайындалды. «ҚазРосГаз» компаниясын алты жыл бойы басқарып жүріп, мемлекеттік жобалардың дамуы мен қолдауы бағытында белсенді қызмет етті.

2009 жылы қоғамдық қызметтермен айналысып жүріп, Қазақстан Республикасы бойынша салауатты өмір салтын насихаттайды, сондықтан «Қостанай облысының бокс федерация» Қоғамдық Бірлестігінің Президенті болып сайланады.

2012 жылы Қайрат Боранбаев «Қайрат» футбол клубында Бақылау кеңесінің Төрағасы атанады. Оның қатысуымен Қазақстан Республикасында балалар мен жасөспірімдер футболының дамуы жоспар бойынша жүзеге асады, халықаралық стандарттарға сай клубтың инфрақұрылымы салынады.

2014 жылдан бері Қайрат Боранбаев қазақстандық ең ірі холдинг «Алмалы» активін басқару компаниясының» Бас директоры саналады.

2015 жылдың 17 наурызынан бері - Қазақстан Республикасы Ұлттық паралимпиадалық комитетінің президенті.

Боранбаев Қайраттың көпжылдық мұнтаздай жұмысы мен іскерлік қасиеті мемлекет тарапынан байқалды. Бұған оның жоғары марапаттары дәлел бола алады. Мемлекет алдындағы еңбегі үшін, белсенді қоғамдық қызметі мен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлесі үшін ол «Құрмет» Орденімен марапатталды. Рухани және өнегелі, адамгершілік қасиеттерінің дамуы бағытына қолдау көрсеткені үшін Боранбаев Қайратқа Ресей мүфтилер Кеңесінің жоғары марапаты саналатын ІІ дәрежедегі «Аль-Фахр» Құрмет ордені берілді. Халықтар арасында татулық пен достықтың нығаю ісіне өз үлесін қосқаны үшін ІІІ дәрежелі «Слава и Чести» орденімен, сондай-ақ, Даниил Московкойдың ІІІ дәрежелі орденімен марапатталды.