ФК КАЙРАТ: /

Орталық стадион

Бірінші күннен бастап, бүгінге дейін Орталық стадион алматылық «Қайраттың» өз алаңы болып саналады. 1960 жыл қазақстандық футбол үшін тарихи болды. Біздің республика А дәрежесінен (жоғары лига солай аталатын) орын алды, бұл орынды сол кезде Қазақ КСР-нің ең үздік клубы алматылық «Қайрат» еншіледі. Біздің жанкүйерлер тұңғыш рет КСРО-дағы үздік клубтардың ойындарын өз көздерімен көруге мүмкіндік алды. Барлық ойындар оңтүстік астанадағы Орталық стадионда өтті.

«Қайраттың» жоғары лигадағы алғашқы ресми матчы Алматыдағы Орталық стадионда өтті. 1960 жылдың 10 сәуірінде ленинградтық «Адмиралтейцке» қарсы дебюттік матч 0:0 есебімен тең аяқталды. Сол кезде стадион лық толып тұрған еді.  

СТАДИОН ТУРАЛЫ АҚПАРАТ: 
Алматы қаласындағы Орталық стадион 1958 жылы құрылып, Абай даңғылы, 48 мекен-жайы бойынша орналасты. Стадион жоспары бойынша сопақша болып келеді, 4 трибунаға кіру үшін бөлек үстеме бар: солтүстік, батыс, оңтүстік және шығыс. Трибуналардың сыйымдылығы - 23 804 орын.

Автокөлік жүруі үшін екі шығып-кіру жолы бар - Сәтпаев көшесінен және Абай даңғылынан. Көрермендер үшін кіретін төрт жол бар  - Абай, Сәтпаев және Байтұрсынов көшесінен. 

Орталық стадионда 23 804 жеке орындар қондырылған. Олардың барлығы да нөмірленген. Орындықтар металл бұрыштарына бекітілген, көрермендердің отыруы үшін өте ыңғайлы. Арқасының минималды биіктігі - 38 см. 

Орталық стадионға жарық бергіш қондырғылар (прожектор) қондырылған. Сондықтан іс-шараларды кешкі уақыттарда да өткізе беруге болады. Жарық беру деңгейі 1400 люксті құрайды.

Футбол алаңының үсті: табиғи шөпті алаң, бір деңгейлі және тегіс, жақсы жағдайда.

 

Алаңда бір маусым бойы ойындарды өткізе беруге болады.
Алаңның көлемі – 105м х 68м

КОНТАКТЫ: 
Адрес: г.Алматы, пр. Абая, 48, 
Телефон: (727) 292-47-10 
Электронный адрес: stadion_almaty@mail.ru