ФК КАЙРАТ: /

қала жайлы

Алматы - Қазақстанның оңтүстік астанасы, қалада бір жарым миллион тұрғын бар, республиканың әкімшілік, экономикалық, мәдени және спорттық орталығы. Іле Алатауы қарлы тауында орналасқан, осылайша ерекшелігімен танылды. Альпі шалғыны, Тянь-шань шыршалары, бақшалары оған әдемілік береді. 

Көк-төбенің ең жоғары белесінен барлық қаланы көруге болады - көк аспанға қол созған әдемі заңғар ғимараттар, көкөніске толған орамдар суреттелген көрініс. Тек бір ғана тұпнұсқалық шешімге келген әдемі қоршалған тау пейзажы, бұлар қаланың сұлу архитектуралық ансамблін құрайды. Мұнда ұлттық мәдениет пен заманауи құрылыс техника жетістіктері кең пайдаланылған. Алматы - бақша-қала. Көлемінің жартысын жасыл көшеттер алады - пирамида секілді және күміс түсті терек, шегіршін, емен, қайың, жөке, ақ қараған, қарағай және шырша. Көктемде бәрі көктеп жатқанда Алматы ерекше әдемі

Бақшалардың ақ көпіршіктері төңіректегі тауларды бөгеп тұрады және олар қала орамдарының қоюына дейін жетеді, ал қызғалдақтар қызыл кілем секілді жайылған. Жазда таудан келген кешкі самал жел желекжолдар мен даңғылдар, жарқын гүлдер және көптеген фонтандардың суы атқылап жатқан алаңдардың бойымен серуендеуге шақырып тұрады. Ал күз алтын түстес жапырақтарымен, түйрелген күнімен, алматылық атақты апорт алмалардың жұпар иісімен өзіне арбайды. Ал қыста қандай әдемі, қысқа болса да, аязды әрі қарлы мезгіл. Сол кезде қаланың барлық тұрғындары шаңғылар мен конькилер тебе бастайды. 

Жыл бойы  биік таулы "Медеу" мұз айдыны өзіне шақырып тұрады. Атақты мұз, әлемдік рекордтардың мұзы тау баурайына тығылған күнмен жарқылайды. Табиғат берген сұлулық пен ерекше инженерлік және архитектуралық шешімдердің арқасында бұл спорт кешені бүкіл әлемге танылып, алматылықтардың мақтанышына айналды. Алматының спорттық визит картасы футболдан "Қайрат" халық командасы атанып, Қазақстан Республикасының чемпионатында қала намысын қорғап қана қоймай, Еуропа лигаларында еліміздің атынан шығып жүр. Қазақстанның оңтүстік астанасы жомарт әрі қонақжай. Ол қонақтарды жылы лебізімен қарсы алып, жыл сайын сұлуланып келеді. 

1991 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң қабылданды. Екі жылдан кейін қаланың тарихи аты қайта қойылды – үкіметтің шешімімен Алма-Ата қаласы Алматыға өзгертілді.

1997 жлһылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен елорда Алматыдан Астанаға көшірілді.

1998 жылдың 1 шілдесінде Алматы қаласына ғылыми, мәдени, тарихи, қаржы және өндірістік орталық деген мәртебе берілу туралы Заңға қол қойылды.

Алматының Орталық стадионы футболдан Қазақстан құрамасының әлем және Еуропа чемпионаттарындағы, сондай-ақ УЕФА Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының іріктеу кезеңдерін қабылдады. «Орталық» аренада Дэвид Бекхэм бастаған Англия құрамасы, Криштиану Роналду бастаған Португалия құрамасы, Неманья Видич бастаған Сербия құрамасы, сонымен қатар, Греция, Бельгия, Түркия секліді құрамалар өнер көрсетті. Алматы қаласының басты командасы «Қайрат» УЕФА Еуропа лигасының 2014/2015 жылғы маусымында еліміздің намысын қорғады.

Алматылық метрополитен

"Шымбұлақ" тау шаңғысы курорты

"Нұрлы-Тау" БО

Түнгі Алматы

 

Шарын каньоны

 

Үлкен Алматы өзені