ФК КАЙРАТ: /

Кахабер Цхададзе

Кахабер Цхададзе
Қызмет: Бас жаттықтурышысы
Туған жылы: 07.09.68
Азаматтық: Грузия
Клубта 2016 жылдан бастап

Ойнаған командалары: «Металлург» (Рустави, КСРО, 1984-1986; 1987), «Динамо/Иберия» (Тбилиси, КСРО, 1986; 1988-1991), «ГИФ» (Сундсвалль, Швеция, 1991), «Спартак» (Мәскеу, Ресей, 1992), «Динамо» (Мәскеу, Ресей, 1992), «Айнтрахт» (Франкфурт-на-Майне, Германия, 1992-1997), «Алания» (Владикавказ, Ресей, 1997), «Манчестер Сити» (Манчестер, Англия, 1997-1999), «Локомотив» (Тбилиси, Грузия, 1999-2003), «Анжи» (Махачкала, Ресей, 2002-2003).

Жұмыс істеген командалары: «Локомотив» (Тбилиси, Грузия, 2001-2002), «Динамо» (Тбилиси, Грузия, 2005-2006), «Сиони» (Болниси, Грузия, 2006), «Стандард» (Баку, Әзірбайжан, 2008), «Грузия жастар құрамасы» (2009), «Интер» (Баку, Әзірбайжан, 2009-2015), «Грузия құрамасы» (2014-2016), «Қайрат» (Алматы, Қазақстан, 2016 - қ.у.).

Кахабер Цхададзе – атақты бапкер, бұрынғы белгілі ойыншы, тбилисилік «Динамо», немістің «Айнтрахт», англиялық «Манчестер Сити», сондай-ақ, мәскеулік «Динамо» мен «Спартакта» ойнаған. Сонымен қатар, Цхададзе ТМД құрамасы мен Грузия құрамасында ойнаған.

Маманның бапкерлік мансабы 2001 жылы грузиялық «Локомотивте» басталды. Артынша Кахабер Цхададзе «Сиони», бакулік «Стандарт» және «Интер» клубтарын жаттықтырды. 2016 жылға дейін маман Грузия ұлттық құрамасының бапкері болды. Бас бапкер ретінде Кахабер Цхададзе Грузияның екі дүркін чемпионы атанды, Әзірбайжан чемпионатында да алтын медаль жеңіп алған.

Грузиялық маманмен еңбек келісімі осы маусымның соңына дейін жасалған.