ФК КАЙРАТ: /

сауда белгісі

Тауарлық белгі және фирмалық атау (мысалы, «Қайрат» ФК аталуы және «Қайрат» Футбол Клубының эмблема дизайны) «Қайрат» Футбол клубы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрамында және соған тіркелген. «Қайрат» Футбол клубының» барлық интеллектуалды меншігі ҚР заңымен қорғалады. Барлық құқық қорғалған. «Қайрат» футбол клубының тауарлық белгісін келісімсіз қолдану ҚР заңымен тыйым салынған:

"1. Бөтен тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, фирмалық атауын, тауар шығарылған жердің атауын немесе бiртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге арналған соларға ұқсас белгіленімдерді заңсыз пайдалану, егер бұл іс-әрекет бiрнеше рет жасалса немесе iрi залал келтiрсе, – үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жетпіс бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

2. Қазақстан Республикасында тiркелмеген тауар белгісіне немесе тауар шығарылған жердің атауына қатысты ескертпе маркалауды заңсыз пайдалану, егер бұл іс-әрекет бiрнеше рет жасалса немесе iрi залал келтiрсе, – екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не алпыс тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады."

 (Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 2014 жылғы 3 шілдедегі № 226-V. 222-бап. Тауар белгісін заңсыз пайдалану)

 

“Бөтен тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін немесе тауар шығарылған жердiң атауын немесе бiртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге арналған, онымен айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемелерді заңсыз пайдалану, сондай-ақ бөтен фирмалық атауды заңсыз пайдалану, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, – тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі, тауар шығарылған жер атауы немесе бiртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге арналған, онымен айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемелер заңсыз бейнеленген тауарлар тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлеріне – қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады."

(Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V. 158-бап. Бөтен тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, тауар шығарылған жердiң атауын немесе фирмалық атауды заңсыз пайдалану)