ФК КАЙРАТ: /

Демеушілерге

Клуб жетекші ойыншылардың есімдері мен образдарын жарнамалық мақсатта қолдану құқықтарына ие, сондай-ақ, оларды демеушілердің маркетингілік іс-шараларына қатыстыра алады. Бізде мұндай жобаларды ұйымдастыру бойынша үлкен тәжірибе бар.

«Қайрат» клубының ресми сайты Қазақстан Республикасындағы ең атақты клубтық сайт саналады, айына орта есеппен 40000 адам кіреді!

Біздің сайт - Клубтың  жаңалықтары, футбол, футболшылар, бапкерлер туралы ақпарат, қонақ кітапшасы және тағы да басқалар. Сондай-ақ, біздің әріптестеріміз, демеушілеріміз, достарымыз туралы ақпараттар.

Біздің барлық әріптестеріміз, сондай-ақ, әріпес болғысы келетіндер біздің сайтымызда жарнамалық баннер/хабарландыру, интернетте өздерінің ресми сайттарына сілтемелер бере алады. Сондай-ақ, әлеуметтік желілердегі ресми парақшалар арқылы футбол клубының аудиториясымен тілдесу мүмкіндігі бар. Сіздердің жарнама/хабарландыруларыңызды клуб пен футболсүйер қауым көреді!

«Қайраттың» өнері БАҚ-та белсенді жазылып жатады. Республикалық «Қазақстан», «Хабар» және «ҚазСпорт» телекомпаниялары команданың барлық матчтарынан тікелей телевизиялық трансляциялар жасайды, сондай-ақ, «ҚФФ ТВ-дан» онлайн трансляция жүреді. 

Көп жылдар бойы футбол клубы Қазақстан Республикасында футболдың дамуы мен оның кең жайылуына сүбелі үлесін қосып жүрген «HALYK BANK» және «АЛМАЛЫ» секілді ірі компаниялармен бірге сәтті әрі жемісті қызмет етіп келеді.

Бүгінде «Қайрат» футбол клубы біздің жарнамалық тасымалымызда Өзіңіздің сауда маркаңызды салып, Өз тауарыңыз бен қызметіңізді  жарнамалау арқылы қолданушылар аудиториясын көбейтіп алу мүмкіндігін ұсынады.

Біздің көрермендер - жас және орта жастағы ерлер мен әйелдер, белсенді, жеңіл және жылдам шешім қабылдайды.

Аудиториямыздың басым бөлігі - отбасылар. 

Клуб жанкүйерлерінің ішінде балалардың саны өте көп, олар матчтарға топ болып келеді. 

Спорт матчтарын өткізген сәтте, жанкүйерлер аудиториясының басым бөлігі жарнамалық ақпараттарды жеңіл әрі жағымды қабылдайды, сондықтан, жарнамалар қарқынын әсерлі түрде бұзып өтіп, нақты бір қолданушылар тобына қол жеткізіп, өз кәсіпорныңызға жағымды имидж қалыптастыруға болады. Сізде «Қайрат» балалар және жасөспірімдер академиясының командасы мен негізгі команданың құрылуына белсенді қатысуға ерекше мүмкіндік бар, бұл миллиондаған футболсүйер қауым үшін Алматының бейнесі саналады. 

 

*Клуб әріптестеріне сүйікті командасының матчтарына билет ұсынылады, сондай-ақ, стадионның VIP-ложасынан орын беріледі.