ФК КАЙРАТ: /

әлеуметтік жауапкершілік

«Қайрат» футбол клубы жәй ғана футбол командасы емес, Алматы қаласының символдарының біріне айналды. 

«Қайрат» нағыз халық командасы, әр түрлі мінездері, әдеттері, артықшылықтары бар адамдарды біріктіріп, өз клубтарына қолдау көрсеткізді.

Тіпті, ең қиын сәтте де біз көмекке зәру жандарға қол үшін беріп, көмектесуіміз керек.

«Қайрат» ойыншылары мен қызметкерлері үлкен құлшыныспен қайырымдылық акцияларына қатысып, айығу орталықтары мен балалар үйлеріне қолдау көрсетіп жүр. 

«Мейірім» мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерге арналған айығу Орталығы - мүмкіндігі шектеулі 3-тен 16 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердің дамуы, тілдесуі және түзелуіне арналған Қазақстанда ашылған мемлекеттік емес алғашқы ұйымдардың бірі.

Мұнда қимыл-тірек апараттары бұзылған, интеллектуалды даму жүйесі бұзылған, сөйлеу мүшесінде қиындықтары бар балалардың қажетті түзелуі үшін үлкен көмек көрсетіледі, олар мұнда өздерін жақсы сезінеді.

 

«Арманның алдынан» - футболдан балалар үйлері мен мектеп-интернаттар тәрбиеленушілері арасында өтетін республикалық чемпионаты, оның жеңімпаздары әлемдегі атақты футбол клубтарының базасына қонаққа барып, әлемдік футболдың жұлдыздарымен кездесті. 

«Мен қасыңдамын!» атты қайырымдылық жобасы мүгедек балалар мен олардың жанұясында, жалғыз басты аналардың қиындықтарын шешеді және барша балалардың мүмкіндіктері бірдей екенін, сондай-ақ, аналар өз баласын сақтап қалуы дұрыс шешім екенін көрсетеді.