ФК КАЙРАТ: /

тарих

 
«Қайрат» ФК 1954 жылы алматылық «Динамо» базасында құрылды. ССРО БОКК президиумының (27.04.56, В.Гришин) және ҚазССР Министрлер Кеңесі (01.06.56, Д.Қонаев) қаулысына сәйкес, 1956 ж. 18-маусымда «Урожай» мен «Колхозшы» ЕСҚ бірігуі нәтижесінде ҚазССР Ерікті Ауылдық Спорт Қоғамы (ЕАСҚ) құрылды. Оған «Қайрат» деген ат берді. Шілдеден бастап «Б» санатындағы «Урожай» (Алма-Ата) футбол командасы атын «Қайрат» деп өзгертті.
 

Қызықты деректер

 «Урожай» ерікті спорттық қоғам мен колхозшылардың спорттық қоғамымен бірігуі туралы Бүкілодақтық Орталық Кәсіподақ Кеңесі (БОКК) президиумының қаулысы. 15-т. 27 сәуір 1956 ж. №6-хаттама. ССРО БОКК төрағасы – В.Гришин.  

«Урожай» СҚ мен «Колхозшы» СҚ-ның біртұтас ауылдық спорт қоғамына бірігуі туралы ҚазССР министрлер Кеңесінің 01 маусым 1956 ж. №299 – қаулысы. ҚазССР МинКеңесінің төрағасы – Д.Қонаев.  

18 маусым 1956ж. ҚазССР «Урожай» және «Колхозшы» ЕСҚ Республикалық Кеңесінің біріккен пленумының №1-хаттамасынан

…ҚазССР ЕАСҚ-ын -«Қайрат» деп атауға ұсыныс түсті

…қаулы қабылданды: Қаз ССР Ерікті Ауылдық Спорт Қоғамын – «Қайрат», және бұдан былай «Қайрат» ЕАСҚ деп атау. «Қайрат» ЕАСҚ-ның бірінші төрағасы Барлыхан Шынжалынов болды.

Пленум алдында ЕСҚ-ның екеуіне де болашақ ЕАСҚ-ның атының нұсқаларын беру ұсынылды. Тізімде «Егінші», «Тұлпар», «Өнім»(«Урожай»), «Алтын дән» («Золотое зерно»), «Күресші» («Борец»), «Дала бүркіті» («Степной орел»), «Жастар» («Молодежь») сияқты атаулар тұрды. «Қайрат» деген ат бұл тізімде болмады. Бірақ қоғамдар берген аттар нұсқасының біреуі де күн тәртібінде тіптен қарастырылмады. «Қайрат» атауын кім ұсынғаны сол күйі белгісіз болып қалды. Бірақ, жалпы алып қарағанда, бұл ат жоғарыдан «түскен» және бастама Димаш Ахмедиевичтің өзінен шыққаны белгілі.     

56-жылдың маусым айын команда Воронежде (2-сі), Сталинградта (6-сы), Тбилисиде (11-і), Ереванда (15-і), Краснодарда (22-сі) және Ростовта (26-сы) кезек-кезек ойнап, толығымен сапарда өткізді.   Алғаш рет «Қайрат» атымен команда туған елінде пленумнан кейін тура бір ай өткенде – 18 - шілдеде сталинабадтық «Колхозчимен» жарыста шықты-(3:0).

 1954 жылдан 1991 жылға дейін ССРО чемпионаттарына қатысты, олардың ішіндегі 24 маусымы Жоғарғы лигада. 1986 жылы ССРО чемпионатында өзі үшін рекордтық орын-жетінші орынды алды.

 

Қайраттық бетон 

«Қайраттық бетон» — кеңестік баспасөзде және жанкүйерлер ортасында «Қайрат» қорғанысы осылай аталды. 1960 ж. маусымында футбол мамандары «Қайрат» ойынының тактикалық сызбасы жөнінде пікір таластырды. Команданы біріншілік қарсаңында алған Н.Я.Глебовтың жетегіндегі алматылықтар, бразилиялық жүйе деп аталатын 1+4+2+4-құрылымын қолданды, бұл кезде басқа клубтардың көпшілігі бұрынғысынша қабылданған «дубль-ве» жүйесін қолданатын еді. «Қайраттың» 1+3+3+4 жүйесін де қолданатын кезі болды. Бірақ кез келген жағдайда футбол мамандары команда басқалардан бір форвардқа кем қолданатындықтан, алматылықтардың қорғаныс беталысын байқады. Бұл кездері кеңестік баспасөзде, сонымен қатар жанкүйерлер ортасында «Қайраттық бетон» термині де пайда болды. «Смена» журналы 1979 ж. ленинградтық «Зенит» пен алматылық «Қайраттың» ойынынан кейін осы жарысқа арналған «Бетонға» да сызат түсті...» сөздері бар мақаланы жариялады.     

Ортаазиялық  жарыс

«Қайрат» пен ташкенттік «Пахтакордың» ССРО чемпионаттарындағы бақталастығы. Ортаазиялық жарыс жылдың басты спорттық оқиғасы болды, оған міндетті түрде республикалардың жоғары басшылығы  қатысты. Ол XX - ғасырда пайда болған Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы барлық деңгейлердегі  жалпы жекпе-жектің бір бөлігі болды. Осы екі кеңестік республикалар Кеңес Одағының азиялық бөлігінде үстемдік етеді деп есептелді, және олардың өзара қарым-қатынастары ортаазиялық аймақтағы Мәскеу саясатының маңызды элементі болып табылады. Осыдан барып екі республиканың ССРО партиялық номенклатурасындағы өкілдігінің айқын иерархиясы шықты -  Қазақстан жетекшісі, әдеттегідей, КОКП ОК Саяси бюросының мүшесі болды, ал Өзбекстан жетекшісі – Саяси бюро мүшелігіне кандидат болды. Қазақстанның компартия ОК-нің бірінші хатшысы Дінмұхаммед Қонаев және Өзбекстанның компартия ОК-нің бірінші хатшысы Шараф Рашидов сияқты Кеңес дәуіріндегі белгілі қайраткерлерді еске алудың өзі жеткілікті. Ол кезде бақталастық өзінің республикасын ең алдыңғы қатарлы және жетістікті ретінде көрсетуге ұмтылудан көрінді. Осы мақсатқа қол жеткізудің ең тиімді тәсілдерінің бірі өзара шиеленістер мен одақтық республикалардың екі алғашқы басшыларының сүйікті ойыны болды.      

Сергей Страшненко «Пахтакордың» бұрынғы футболшысы:

- Жалақымыз жоғарғы лиганың басқа командаларының деңгейінде болды – 250 сом мөлшерінде, қосымша маған спорт шебері атағына тағы да 10 сом қосылды. Әрине, қомақты сыйлықақы да беретін. Бір ойын бізде планетааралық болып есептелетін. «Пахтакордың» алматылық «Қайратпен» киевтік «Динамо» мен «Спартак» жарысына ұқсас бақталастығы болды. Енді міне «Қайратты» жеңген жеңістердің біреуінен соң бізге тура киінетін жерге конвертпен екі еселі жалақы – 500 сом әкелді.     

«Қайраттың» белгілі футболшысы және жаттықтырушысы Тимур Санжарұлы Сегізбаев:    

– «Қайрат» – «Пахтакор»! «Пахтакор» – «Қайрат»! Бұл өткен ғасырдың 60-ыншы, 70-інші, 80-інші жылдарындағы жанкүйерлер үшін қалай қатты дауыстап естілді десеңші. Алма-Атадағы және Ташкенттегі толы алаңдар, «бөтен» нөмірлі машиналар тізбегі мен шеберлердің нағыз шайқасы. Мұндай жарыстарға бізді бағыттаудың қажеті болмады. Мұндай ойындар ол кезде «халықаралық» деп аталды.  

Негізгі кезеңдер, 1960—2012

1960 жыл. «Қайрат» жоғары дивизиондағы командалар арасындағы ССРО чемпионатына қатысушы алғашқы қазақстандық клуб болады.

1963 жыл. «Қайрат», ССРО-ның  XXII Кубогының жартылай финалына шыға отырып, бұл жарыстағы қазақстандық командалардың ең үздік жетістігін орнатады. Сол жартылай финалда «Қайрат» тек қосымша уақытта ғана донецтік «Шахтердан» 1:2 есебімен жеңіліс табады.

1966 жыл. «Қайрат» жоғары лига командалары арасындағы ССРО чемпионатының қорытындысы бойынша «Жеңіске деген жігері үшін» сыйлығын жеңіп алады.

1971 жыл. Қазақстандық клубтық футболдың ең үлкен халықаралық жетістіктеріне қол жетеді. Алма-атылық «Қайрат» Халықаралық теміржолшылар спорттық одағы Кубогын иеленген алғашқы кеңестік команда болады. Осы жетістіктің жолында «Қайрат» Кошиценің (Чехословакия) «Локомотивін» өз жерінде 4:1 есебімен және қонақта 1:0 есебімен жеңді. Содан кейін алғашында өз жерінде Софиядан (Болгария) келген «Славиядан» жеңілді – 1:3, бірақ оны қонақта сенімді түрде жеңді де– 3:0, Бухарестің (Румыния) «Рапидімен» кездескен финалға шықты. Бухарестегі алғашқы кездесу тең түсумен аяқталды – 1:1. Алма-Атыдағы жауап ойынында «Қайрат» жиналған 32 мың көрермендердің алдында 1:0 есебімен жеңіске жетеді.   

1971 жыл. Алма-Атылық «Қайраттың» қорғаушысы Сейілдә Байшақов «Смена» жастар журналының жүргізген сауалнама қорытындысы бойынша жоғары лига командалары арасындағы ССРО чемпионатының ең үздік дебютанты деп танылды.

1976 жыл. Алма-атылық «Қайрат» қазақстандық клубтар ішінен алғаш болып жоғары лига командалары арасындағы ССРО чемпионатын жеңіп алады.

1976 жыл. Алма-атылық шабуылшы Александр Хапсалис ССРО құрамасының құрамында юниорлар (U-19) арасындағы Европа чемпионы болады.

1977 жылы. Алма-атылық «Қайраттың» қорғаушысы Сейілдә Байшақов ССРО ұлттық құрамасының құрамында шыққан алғашқы қазақстандық футболшы болады. Дебют 1978 жылы әлем чемпионатының таңдау кезеңінде Будапештегі ССРО құрамасының Венгрия құрамасына қарсы жарысында болып өтті.

1980 жыл. «Қайрат» екінші рет жоғары лига командалары арасындағы ССРО чемпионатының қорытындысы бойынша «Жеңіске деген жігері үшін» сыйлығын жеңіп алады.

1981 жыл. «Қайрат» Мәскеудегі жабық алаңда өткен «Неделя» газетінің сыйлығы үшін қысқы Халықаралық жарыстың жеңімпазы болады. «Қайрат» пен мәскеулік «Динамо» арасындағы финалдық жарыста негізгі және қосымша берілген уақыт тең түсумен аяқталды. Нәтижесінде жеңімпаз «Қайраттың» пайдасына 5:4 есебімен аяқталған, жарыс соңындағы он бір метрлік соққылар сериясының көмегімен анықталды. 

1983 жыл. «Қайрат» жоғары лига командалары арасындағы ССРО чемпионатын екінші рет жеңіп алады.

1986 жыл. Алма-атылық «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Вахид Масудов «Футболдық шолу» телехабарының өткізген сауалнама қорытындысы бойынша 1986 жылдың қазан айында жоғары лига командалары арасындағы XLIX ССРО чемпионатының үздік гол авторы деп танылады. Гол днепропетровскілік «Днепрге» қарсы өз жеріндегі жарыста соғылды.     

1986 жыл. «Қайрат», жоғары лига командалары арасындағы ССРО чемпионатында жетінші орынға ие бола отырып, осы жарыстағы қазақстандық клубтың жоғары жетістігін орнатады.

1988 жыл. Алма-атылық «Қайраттың» жартылау қорғаушысы Евгений Яровенко ССРО-ның олимпиада құрамасының құрамында Сеулдегі  ХХIV Олимпиада ойындарының футбол жарысы финалдық бөлімінде жеңіске жетіп, олимпиада чемпионы атағын жеңіп алған алғашқы қазақстандық футболшы болады. 

1988 жыл. «Қайрат» ССРО футбол Федерациясы Кубогының иегері болады. Кишиневтағы Республикалық стадионда өткен финалдық жарыста «Қайрат» 4:1 есебімен бакулық «Нефтчиді» жеңеді.

1989 жыл. Алма-атылық «Қайраттың» шабуылшысы Евстафий Пехлеваниди шетелдік клубпен келісімшартқа қол қойған алғашқы қазақстандық футболшы болады, және грекиялық «Левадиакос» үшін ойнауға кетеді.

1990 жыл. Алма-атылық «Қайраттың» ардагерлері ССРО-ның ардагерлер арасындағы чемпионатының күміс жүлдегерлері болады. Сочиде өткен финалдық ойында қазақстандықтар текетіресті шайқаста краснодарлық «Кубаньға» 2:4 есебімен жол берді.

1992 жыл. Қазақстанның тәуелсіздік тарихында алғаш рет Қазақстан Республикасы чемпионаты мен кубогы ойналады. Екі жарыста да алма-атылық «Қайрат» жеңіске жетеді.

1994 жыл. Алматылық «Қайраттың» ардагерлер құрамасы австралиялық Брисбен қаласында үшінші орын үшін ойнаған жарыста Сидней (Австралия) қаласының ардагерлерін 2:1 есебімен жеңіп, ардагерлер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегерлері болады.

1999 жыл. АФК алматылық «Қайрат» ФК-ның және олимпиадалық Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Андрей Травинді 1999 жылдың қарашасында Азияның үздік гол авторы сыйлығымен марапаттайды. Гол «Сидней-2000» іріктеу циклінің азиялық бөлігі екінші кезеңінің жарысында Таиланд олимпиадалық құрамасының қақпасына соғылды.

2000 жыл. Алматылық ЦСКА «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Руслан Балтиев АФК шақыруы бойынша құрамы Иран құрамасына қарсы осы елдің тәуелсіздігі Күніне арналған жарысқа қатысатын азиялық футбол жұлдыздарының командасы құрамасына шақырылады.

2000 жыл. Ал "Қайрат", Қазақстанның атынан Азия чемпиондары Кубогының  ХХ ойынына және Кубок иегерлерінің Азия Кубогы ХI ойынына шыға отырып, тарихта ең алғаш рет осы жарыстың ширек финалына шығуға қол жеткізеді. 

2002 ж. 15-ші және 29-шы тамызы. Еліміздің Кубогының иегері – «Қайрат» УЕФА Кубогының кәсіптік кезеңіне қатысқан ең алғашқы қазақстандық клуб болады. «Қайрат» Белградтан келген югославиялық «Цревна Звезданы» жеңе алмады (0:2 өз жерінде және 0:3 қонақта). 

2003 ж. ҚР Кубогының бес мәрте иегерлері (11-қарашада Алматыдағы финалда «Қайрат» қостанайлық «Тобылды» жеңді – 3:1). Әлібек Бүлешев – ең үздік шабуылшы.

2004 ж. Қазақстанның екі дүркін чемпиондары (2-қарашада Петропавловскіде маусымның қорытынды жарысында «Қайрат» жергілікті «Есіл-Богатырьды» 3:1 есебімен жеңіп, тарихта екінші рет еліміздің үздік командасы атағына ие болды). ҚР Кубогының финалисті (11-қарашада Таразда «Қайрат» «Тараз» ФК-нан жеңіліп қалды – 0:1). Самат Смақов – еліміздің ең үздік футболшысы және үздік қорғаушы. Әрсен Тілекұғов – чемпионаттың үздік шабуылшысы (22 гол). Алексей Петрушин – жылдың үздік жаттықтырушысы. Андрей Карпович – үздік жартылай қорғаушы. Әлібек Бүлешев – үздік шабуылшы. 

2005 ж. Еліміздің чемпионатының қола жүлдегерлері. ҚР Кубогының финалисті (11-қарашада Шымкенттегі финалда «Қайрат» қосымша берілген уақытта астаналық «Жеңіске» жол берді – 1:2. (1:1)). 

Достастық чемпиондар Кубогында 5-6-шы орын, ширек финалдағы жарыс соңындағы пенальти серияларында (2:3) литвалық «Каунасқа» жол берді (топтық кезеңде белоруссиялық «Динамодан» жеңілді – 1:2 және эстондық «Левадияны» жеңді – 4:0). 12-шілдеде команда словакиялық «Артмедияны» өз жеріндегі жеңісінен кейін УЕФА-2005/06 чемпиондар Лигасының ойындарына алғаш рет шығады (1-ші кәсіптік кезең; Братиславада өтуі тиіс, бірақ Сенецада ойналған жауаптық жекпе-жекте негізгі уақыт 2:0 есебімен қожайындардың пайдасына аяқталған болатын, ал қосымша берілген жарты сағатта қайраттықтардың голына словакиялықтар екі соғылған доппен жауап берді). 

2006 ж. 27 –шілдеде Алматыда УЕФА Кубогы ойындарында венгерлік «Фехерварды» жеңген алғашқы жеңіске (2:1) қол жетті (1-ші кәсіптік кезең; Секешфехервардағы алғашқы жарыста жеңілді – 0:1).

2008 ж. Әлібек Бүлешев 77 соғылған добымен және 194 ойнаған жарыстарымен Қазақстан чемпионаттарының жоғары дивизионында клубтың үздік шабуылшылары мен гвардияшылар тізімін басшылыққа алды, сонымен қатар 12 голымен ҚР Кубогының ойындарындағы клубтың үздік шабуылшысы тізімін басқарды.  

2009 ж. Бірінші лига командалары арасындағы ҚР чемпиондары (қаржы мәселесіне байланысты клуб 2009- маусымының Премьер-лигасына қатысудан бас тартуға мәжбүр болды). 

2010 ж. Команда Алматы қаласы Әкімшілігінің қолдауымен Премьер-лига клубтары арасындағы ҚР Чемпионатында ойнауын жалғастырады.

2011ж. Премьер-лига командаларының қосарлама құрамдарының жарыс жеңімпаздары. Джон Грегори қазақстандық футболдағы алғашқы ағылшындық жаттықтырушы болды. «ҚазРосГаз» ЖШС – «Қайрат» ФК-ның бас демеушісі.  

Қаңтар 2012 – «ҚазРосГаз» энергетикалық компаниясы 70%-дық қатысу үлесімен клубтың негізгі меншік иесі болады. 30%-дық қатысу Алматы қ. Әкімшілігінің үлесінде қалады.