ФК КАЙРАТ: /

клуб жайлы

1954 жылы алматылық «Динамоның» негізінде «Қайрат» футбол клубы пайда болды. «Колхозшы» (Колхозник) мен «Урожай» атты спорттық қоғамдардың бірлесуі нәтижесінде бұл ұйымға «Қайрат» деген атау берілді.

1954 пен 1991 жылдар арасында клуб КСРО чемпионатына қатысты, соның ішінде 24 жыл жоғарғы лигада өнер көрсетті. 1986 жылы команда КСРО чемпионатында 7-ші орын алды. Бұл клубтың кеңес дәуіріндегі ең биік нәтижесі еді.

Жетістіктері:

Қазақстан Чемпионы (2): 1992, 2004

Қазақстан Чемпионатының күміс жүлдегері (1): 2015 

Қазақстан Чемпионатының қола жүлдегері (5): 1997, 1999, 2005, 2013, 2014

Қазақстан Кубогының иегері (7 - рекорд): 1992, 1996/97, 1999/00, 2001, 2003, 2014, 2015

Қазақстан Кубогының финалисі (2): 2004, 2005

Қазақстан Суперкубогының финалисі (1): 2016

Қазақстан Бірінші лигасының жеңімпазы (1): 2009

Қазақстан Бірінші лигасының күміс жүлдегері (1): 1998

КСРО футбол Федерациясы Кубогының иегері (1): 1988

КСРО Бірінші лигасының жеңімпазы (2): 1976, 1983

КСРО Бірінші лигасының күміс жүлдегері (2): 1965, 1970

КСРО Бірінші лигасының қола жүлдегері: 1989

Тарихи кезеңдер

1960 жыл. «Қайрат» КСРО-ның жоғарғы дивизионына шыққан тұңғыш қазақстандық команда.

1963 жыл . XXII-ші КСРО Кубогының жартылайфиналына шыққан «Қайрат» донецкілік «Шахтердан» 1:2 есебімен ұтылды. Қазақстандық клубтар арасында мұндай биікке ешкім аяқ баспаған.

1966 жыл. КСРО жоғарғы лигасының командалары арасында тамаша өнер көрсеткен «Қайрат» клубы «Жеңіске ұмтылыс» атты арнайы жүлденің иегері атанды.

1971 жыл. «Қайрат» футбол клубы тұңғыш рет ұйымдастырылған «халықаралық теміржолшылар қауымдастығы кубогын» ұтып алды. Алматылық клуб бірінші айналымда Кошице (Чехословакия) қаласының «Локомотив» клубын ұтты - 4:1, сырт алаңда 1:0 есебімен басым түсті. Келесі кезекте «Славиядан» (Болгария) 1:3 есебімен ұтылып, сырт алаңда 3:0-мен жеңді. Ақтық сында бухарестік «Рапидпен» (Румыния) кездесу күтті. Бірінші матч 1:1 есебімен тең аяқталса, қарымта ойын 1:0 есебімен «Қайраттың» пайдасына шешілді. Бұл жеңісті Алматыда 32 мың көрермен стадионнан тамашалаған.

1976 жыл. «Қайрат» КСРО-ның бірінші лигасында топ жарып қазақстандық командалар арасына бірінші орын алған алғашқы клуб атанды.

1977 жыл. «Қайрат» командасының қорғаушысы Сейілда Байшақов - КСРО-ның ұлттық құрамасы сапында өнер көрсеткен алғашқы қазақ. Байшақов 1978 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Будапештте Венгрияға қарсы матч өткізген КСРО сапында алаңға шықты.

1986 жыл . «Қайрат» КСРО чемпионатында жетінші орын алды. Бұл – қазақстандық командалар арасындағы ең биік жетістік.

1986 жыл. «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Вахид Масудов жоғарғы лигадағы ең көркем голдың авторы атанды. Ерекше деп танылған голды Масудов Алматыда днепропетровскілік «Днепр» (Украина) қақпасына тоғытқан.

1988 жыл . «Қайраттың» жартылау қорғаушысы Евгений Яровенко КСРО құрамасы сапында Сеул қаласында өткен ХХIV Олимпиада ойындарының жеңімпазы атанды.

1988 жыл . «Қайрат» КСРО футбол федерациясының кубогын ұтты. Кишиневте өткен финалдық кездесуде «Қайрат» «Нефтчиден» (Әзербайжан) басым түсті - 4:1.

1989 жыл. «Қайрат» шабуылшысы Евстафий Пехлеваниди грекиялық «Левадиакос» клубымен келісім шартқа отырып, шетелдік клубқа ауысқан тұңғыш қазақстандық ойыншы атанды.

1992 жыл. Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тұңғыш чемпионат пен ел кубогы ұйымдастырылды. «Қайрат» екі жарысты ұтып алтын «алтын» дубль жасады.

2002 жыл. Ел кубогын ұтқан «Қайрат» УЕФА Кугына қатысқан бірінші қазақстандық команда атанып, югославиялық «Црвена Звезданы» жеңді (өз алаңында 0:2, сырт алаңда 0:3).

2003 жыл – «Қайрат» Қазақстан кубогын 5-ші рет ұтты. (Бұл жетістік әлі қайталанбаған)

2004 жыл – «Қайрат» футбол клубының қорғаушысы Самат Смақов – үздік ойыншы атанды. Андрей Карпович – үздік жартылай қорғаушы болып танылса, Әлібек Бөлешев - 
үздік шауылшы атанды.

2005 жыл – Ел бірінішілігінің қола жүлдегері.

2005 жыл - 12 шілде күні словакиялық «Артмедияны» 2:0-мен жеңген «Қайрат» Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіне жолдама алды.

2006 жыл – «Қайрат» 27 шілде күні УЕФА кубгы аясында венгриялық «Фехерварды» жеңді.

2008 жыл Команда сапында 77 гол соққан Әлібек Бөлешев 194 матч өткізіп команданың сұрмергені атанды.

2009 жыл – Бірінші лиганың жеңімпазы (қаржылық дағдарысқа байланысты клуб бірінші лигада ойнады)

2011 жыл – «КазРосГаз» компаниясы - «Қайрат» футбол клубының демеушісі. Қазақ футболы тарихындағы бірінші ағылшын бапкері Джон Грегори «Қайраттың» жаттықтырушысы атанды.

2012 год – «КазРосГаз» компаниясы команданың 70%-үлесін алып негізгі демеушісі атанды.

2013 жылы - «Қайрат» ФК Қазақстан Чемпионатының қола жүлдегері атанып, УЕФА Еуропа лигасында Алматы қаласының намысын қорғауға мүмкіндік алды.

2014 жылы - «Қайрат» ФК Еуропа лигасында лайықты өнер көрсетті, екіматчтық  жекпе-жекте албаниялық «Кукес» командасын жеңіп, екінші іріктеу кезеңінде даниялық «Эсбьергке» бір гол айырмашылығымен жол берді. 

Сол маусымда Владимир Вайсстың командасы финалда «Ақтөбені» 4:1 есебімен тас-талқан етіп, Қазақстан Кубогын жеңіп алды. Сонымен бірге, қатарынан екінші жыл «Қайрат» ел Чемпионатының қола жүлдегері атанды. Сондай-ақ, маусым барысында негізгі қарсыластарының бірі «Ақтөбе» ФК-ын 7:1 есебімен тас-талқан етті (қайраттықтар 1997 жылғы нәтижесін қайталауға жақын болған, ол кезде «Ақтөбені» 7:0 есебімен жеңген еді). Еліміздегі көптеген спорт басылымдары Бауыржан Исламханға үздік ойыншы, үздік жас ойыншы және 2014 маусымның ашылуы атағын берді.

2015 жыл. Өз тарихында тұңғыш рет «Қайрат» Қазақстан чемпионатында күміс медаль жеңіп алды. Қазақстан Кубогының 7 дүркін иегерлері. Жерар Гоу Қазақстан чемпионатының үздік ойыншысы атанды.

2016 жыл. Өз тарихында тұңғыш рет «Қайрат» футболдан Қазақстан Суперкубогын жеңіп алды, осылайша, еліміздегі ең титулды клуб атанды. 

ФАНАТТАР ҚОЗҒАЛЫСЫ

«Қайрат» ФК жанкүйерлерінің баяғыдан қалыпсқан дәстүрі бар. «Орталық стадионда» мыңдаған фанаттар сүйікті клубтын қолдайды. Жанкүйерлердің алғашқы қозғалысы 1980-ші жылдары «South Cross» («Оңтүстік Крест») деп аталған. 2006 жылы «Қайрат Ультрас» деген қозғалыс пайда болды.