ФК КАЙРАТ: /

Фан-аймақ

Құрметті достар! Бірінші кезекте, бәрінің неден басталғанын айта кетуді жөн көрдік! Бастайық! Қайрат ФК-ның 2015 жылғы таңғажайып жазы кезінде "Халық командасының" бірнеше жанкүйерінен құрылған топ аңызға айналып кеткен "Күш Бірлікте" баннерін ашуды ұйымдастырды! Баннерді жасау барысында жас жігіттер ВКонтакте әлеуметтік желісінде  "Әңгіме" ашып, жобаның дизайны бойынша және басқа да сұрақтарды талқылайды! Бұл Оңтүстік астана тұрғындарын одан сайын шабыттандыра түседі, сондықтан фанаттар мен "сары-қара түстілерді" қолдаушылардың бәрі де Баннерді жүзеге асыру жайлы жоспарды орындау үшін қаржы жинай бастады. Киви-әмиян ашылып, барша елден қаржы жиналды. Осы ауыр және бірге жасалған жұмыстың шабыттандырғаны сонша, жаңа фанаттық қозғалыс АлатауФанс құрылды!

Осылайша, 2015 жылдың 1 қыркүйегінде АлатауФанс дүниеге келді, онымен бірге Қайрат ФК туралы ВК-дағы ең үздік топтардың бірі ашылды, сондай-ақ, футбол ойнағанды жақсы көретіндер арасында футбол матчтары ұйымдастырылып, Орталық стадионның 16-шы секторынан өте белсенді қолдау пайда болды. Фанаттық қозғалыс құрылған соң топқа қатысушылар жинала бастады, 2016 жылдың 1 маусымында бұл топ 50 адамды құрады. Ал 1 ақпанда өте қарқынды өсіп келе жатқан топ Қайрат ФК-ның ресми түрде фанаттық қозғалысы болып тіркелді, бұл клубтың АлатауФансқа сенімділігін, сондай-ақ, команда тарапынан түрлі қолдаулар көрсетілетінін аңғартты. Өз кезегінде, АлатауФанс перфоманстар, баннерлер мен айқайлап, дауыспен әсер беру арқылы қолдау көрсетіп, клубтың түрлі іс-шараларына қатысып жүр.

"Халық командасына" баннерлер мен перфоманстар арқылы қолдау тоқтаған жоқ, осы уақытқа дейін бірнешеуі жасалды: жоғары айтылған «Күш бірлікте» баннері, мұнда сол кездегі команданың ең басты тұлғалары болды - ортада В.В. Вайсс. Артынша «Бұл Қайрат» атты баннер жасалды, 99 ш.м. суретке «сары-көк» түсті ту ұстаған Батыр және астында «Бұл Қайрат» деген жазу. Бұл баннер Орталық стадион 16 секторының 90%-ын жауып тастады. Ал 2016 жылы жаңа маусымда сары-қара түсте «мозаика» атты жоба жүзеге асты, көлемі жағынан жоғарыда аталған баннерлерге жол бермейді, А4 көлемі бойынша шағын суреттер Орталық стадионның 15, 16, 17 секторларына қойылды. Артынша матч барысында жаңағы секторлар ұйымдасқан түрде суреттерді жоғарыға көтерді. Осы маусымдағы осы алғашқы ойдан кейін тағы бір идея іске асты, команданың орталық қорғаушысы Бруно Соареске қолдау мақсатында перфоманс жасалды, Бруноның суреті А4 көлемінде шығарылып, «4» (ойыншының нөмірі) жүйесінде көкке көтерілді. Ең соңғы жұмыстарының бірі бұл Қайрат деп жазылған сары-қара түсті сурет. Сондай-ақ, болашақта да сүйікті клубымызды қолдауға арналған баннерлер, перфоманстер, флэш-мобтар жасалады.

Айта кетерлік жайт, АлатауФанс құрамына қосылғысы келетіндерге, бұл ойлары өте оңай жүзеге асады: 16 және 17 секторлардың жоғарғы орындарына билет салып алып, АлатауФанспен бірге БІЗДІҢ СҮЙІКТІ КЛУБЫМЫЗҒА қолдау көрсету қажет және шағын анкетаны толтыру керек! Сіздерді қозғалысымыздың қатарынан көруге шақырамыз!

Әріптес болуға, қатарымызға қосылу немесе басқа да ұсыныстарыңыз болса, хабарласыңыздар:

Азнабакиев Ислам +77019400270

КемеловАзамат +77075505031

Немесе ВК тобындағы әкімгерлерге!!!

 

ВК сілтемесі: http://vk.com/alataufans