Главная » новости » Академия » Академия

«Қайрат U-18» - Қазақстан чемпионы!

Талдықорғанда футбол орталықтары мен академияларының 1999 жылы дүниеге келген жасөспірім командалары арасында Қазақстан Республикасы Біріншілігінің финалдық кезеңі өтті.

Бұл кезең екі топтан құралды. Алматылықтардың қарсыласы «Ертіс», «Тараз» және «Ақтөбе» ойыншылары болды.

Бірінші кездесуде қайраттықтар «Ертісті» минималды есеппен жеңді - 2:1. Екінші матчта алматылықтар «Ақтөбеден» келген құрдастарын тас-талқан етті - 8:1. Топтық кезеңнің соңғы матчында сары-қара түстілер кезекті жеңісіне қол жеткізді, бұл жолы Академия тәрбиеленушілері «Таразды» жеңді - 4:1.

«Қайрат» өз тобында бірінші орын еншіледі, ал екінші квартетте «Ордабасы» үздік атанды. Осы екі жұп өзара күш сынасып, чемпионды анықтады. Бұл кездесудің негізгі кезеңі тең есеппен аяқталды - 1:1. Ал матчтан кейінгі пенальти сериясында алматылықтар жеңіске жетті - 5:3.

Қайраттың Академия U-18 ойыншылары ел чемпионы атанып, еуропалық турнирде Қазақстанның намысын қорғауға мүмкіндік алды. Келесі маусымда алматылықтар тағы да УЕФА Жасөспірімдер Лигасында бақ сынайды. Екінші орынды шымкенттік «Ордабасы» еншіледі, ал қола медаль «Ертіс U-18» командасына бұйырды.

Айта кетейік, «Қайрат U-18» Еламан Ниязбеков біріншіліктің үздік шабуылшысы атанса, Әліп Нұрәлі жылдың үздік футболшысы атанды. 

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст