Главная » новости » Академия » Академия

Александр Арефьев: «Жігіттер жанын сала ойнағаны үшін жақсы нәтижеге қол жеткізді»

«Қайрат U-19» командасының бас бапкері «Краснодар U-19-бен» матчтың нәтижесі туралы ойын айтты.

 

- Ойын қызық болды деп ойлаймын, жанкүйерлер үшін әсерлі болды. Біз қарсыласты жақсы білдік, олармен таныстық. Команда жоғары деңгейлі, еуропалық деңгейлі – олар Ресейде өз жас топтарының чемпионы. Биыл олар Ресейде дубльдік құрамдар арасында ойнап жатыр және көш бастап келеді. Олардың тоғыз футболшысы елінің жастар құрамасына кандидат санлады, үш адам клубтың негізгі құрамында жаттығып жүр, сондықтан бұл біз үшін өте маңызды сынақ болды. Сынақ әлі болады, себебі алда қарымта матч бар. Жігіттер бағасыз тәжірибе мен пайда алды деп ойлаймын, бірақ біз қазір функциялық және физикалық дайындық бойынша әлсіздеуміз, техника бойынша да қалып тұрмыз. Бірақ жігіттер өз мінездерін көрсетті, соңына дейін күресті және бұл біз үшін жақсы нәтиже деп ойлаймын.

 

- Қайраттықтардың қандай жақсы тұстарын айта аласыз?

 

- Мүмкіндіктеріміз аз болса да, олар қауіпті шықты. Бірақ біз екінші нөмірмен ойнадық, біз соған дайындалғанбыз. Ойын барысында тактиканы ауыстырдыұ, қысым жасадық, төмен түстік. Ең маңыздысы, жігіттер мінез көрсетті, жанын сала ойнағаны үшін жақсы нәтижеге қол жеткізді. Жігіттер көбіне жасанды алаңдарда ойнайтынын көрдіңіздер. Ал енді жұмсақ, дымқыл табиғи алаңда ойнады. Сондықтан, көп тұста әлі жұмыс істеуіміз керек.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст