Главная » новости » Академия » Академия

Қанаттанған «Зальцбург»

«Қайрат» УЕФА Жасөспірімдер лигасы аясында «Орталық» стадионда австриялық командадан жеңіліп қалды.

Австриялықтарға қарсы қарымта матчта ештеңе шешілген жоқ деуге болады - Зальцбургте тым көп гол жіберіп алған еді. «Қайраттың» негізгі мақсаты УЕФА Жасөспірімдер лигасын абыроймен аяқтау ғана болды.

«Қайрат»: Олег Грубов, Мәди Айтөре, Әлібек Қасым, Илья Артюшенко, Максим Котов, Акмаль Бахтияров, Жандос Солтан, Бақдәулет Жүзбай, Айбар Нұрдалиев, Ескендир Кыбырай, Рамазан Оразов. 
Қосалқы құрам: Дархан Арганчеев, Ұлан Өтешев, Адам Адахаджиев, Артем Олейник, Марлен Айманов, Нұрислам Тойшыбек, Дарын Сүйінов.
«Зальцбург»: Жинель Бартломей, Лука Майзль, Нико Горцель, Филипп Штурм, Кенан Кирим, Рэнди Монтье, Александр Бургшталлер, Доминик Штурмбергер, Максимилиан Майер, Алдин Аганович.
Қосалқы құрам: Феликс Вильфинг, Юлиан-Петер Геллес, Беньямин Валльквист, Неманья Жикич, Никола Стошич, Весель Демаку, Дарио Колобариц.

«Орталық» стадионның трибуналарына алматылық клубтың ең адал жанкүйерлері ғана жиналды. Салқындық пен бірінші матчтың нәтижесіне қарамастан бұл адамдар жас қайраттықтарды қолдауға келді. «Қайрат» футбол клубы осындай жанкүйерлеріне алғысын білдіреді.

«Зальцбург» Алматыға негізгі ойыншысын алмай келді - форвард Бериши. Ұлты албан саналатын бұл футболшысыз-ақ австриялықтар алдыңғы шепте сауатты ойнай алды. «Қайрат» сапында Евсеев алаңға шыға алмады. Оның орнын Айбар Нұрдәлиев басты.

Кездесудің басы қонақтарда болды. Штурмбергердің соққысын қауіпті деп айтуға келмейді. Алматылықтар қарсыластың жарты алаңындағы стандартпен жауап қатты, әуедегі допты Айтөре қақпаға бағыттаған - австриялық қақпашы орнында.

«Зальцбург» ойыншылары есепті жылдам ашты. «Қайрат» бұрыштан көтерілген допты кері қайтарып тастаған, бірақ екінші демен жасалған шабуыл Майзльдің голымен аяқталды - 0:1.

Лабодовский шәкірттері тағы да стандартпен жауап қатты. Бұл жолы Қасым ұрымтал тұстан көрінді - қауіпті болғанымен, Жинель Бартоломей тағы да орнынан табылды.

Екінші таймның басында қайраттықтар бірнеше бұрыштамадоп көтерді, бірақ оның бәрінде де австриялық клубтың қорғаушылары кері қайтарып тастады. «Қайрат» тактикалық өзгерістер енгізгенімен, ол ойынды өзгерте алмады.

«Қайрат» «Зальцбургке» минималды есеппен жол беріп, УЕФА Жасөспірімдер лигасындағы саяхатын аяқтады. 

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст