Главная » новости » Академия » Академия

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы бірінші орын алды

Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Гранаткин Мемориалында латвиялық құрдастарын жеңді. 

«Қайрат» футбол клубының бірден екі ойыншысы құраманың шешуші ойынында жақсы нәтижеге қол жеткізуіне көмектесті – Устименко мен Сүйінов

Сан-Петербордағы кездесу 2:0 есебімен Александр Кузнецов шәкірттерінің пайдасына жазылды. Біздің футболшылар 50-минутта оң қанаттағы Мұхит Жақсылықтың пасынан соң алға шықты. Айып алаңында Жанәлі Пайруз көзге түсті. Қазақстандықтар қарқынды күшейтіп, 71-минутта басымдықтарын ұлғайтты – Еркебұлан Сейдахмет айып алаңына енер тұста алыс тоғыздықты дәл көздеді. Осы жеңісінің арқасында қазақстандықтар С тобында бірінші орын алып, плэй-оффқа шықты. 

Біздің құрама сапында матчтың үздік ойыншысы атағын команда капитаны Дінмұхамед Қашкен алды. 

Литва-U19 – Қазақстан U-19 - 0:2

Голдар: Пайруз 50, Сейдахмет 71

Ескертулер: Раулинаитис 38, Уткус 43 – Орал 49, Кашкен 55.

Литва U19: Петкявичус, Пиюс, Воронко, Кажуколовас, Пауликас, Раулинаитис, Виткус, Лучаускас, Путрюс, Раманаускас, Уткус, Сунелаитис. 

Қазақстан U19: Устименко, Аманжол, Қашкен, Кузнецов, Күсәпов, Жақсылық, Кан, Орал, Пайруз, Сүйінов, Сейдахмет.

Төрешілер: Рыбаков, Дорогостайский, Коротков, Мамойко  - (бәрі де – Ресей)

13 қаңтар 2017 жыл, Сан-Петербург, 300 адам

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст