Главная » новости » Академия » Академия

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы – Гранаткин мемориалының күміс жүлдегері

Гранаткин Мемориалының финалдық матчында Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Ресей командасына жол берді. Сан-Петерборда өткен кездесу алаң иелерінің пайдасына 0:1 есебімен аяқталды. 

Матчтағы жалғыз голдың авторы Никита Поляков атанды, ол 27-минутта қанжығасын майлады. Қазақстандықтар матч бойы гол соғуға жақын болған, бірақ оларға сәттілік жетіспеді. Нәтижесінде ресейліктер 1:0 есебімен жеңіске жетті. 

Айта кетейік, команда сапында барлық турнир бойы «Қайраттың» ойыншылары Устименко мен Сүйінов тұрақты ойнады.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы тұңғыш рет финалға жолдама алып отыр. Бұған дейінгі ең жақсы нәтижесі 2015 жылдағы 14-ші орын болатын.   

Қазақстан U-19 – Ресей U-19 - 0:1

Голдар: Поляков 27 

Ескертулер: Күсәпов 35 - Вебер 35, Каккоев 36, Евгеньев 52, Поляков 74

Қазақстан U19: Устименко, Аманжол, Батырханов, Кузнецов, Күсәпов, Жақсылық (Скворцов 60), Кан, Орал, Астанов (Құдайбердинов 83), Сүйінов (Тұзақбаев), Сейдахмет.

Ресей U19: Ломаев, Евгеньев, Каккоев, Поляков, Поярков, Уткин, Вебер, Глушенков, Глушков (Яковлев 59), Лацевич (Денисов 80), Цыпченко. 

Төрешілер: Сиденков, Рунов, Семенов,Зияков (бәрі де Ресей)

21 қаңтар 2017 жыл, Санкт-Петербург.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст