Главная » новости » Академия » Академия

Cергей Лабодовский: «Ойынға қойған жоспарымыз іске асты»

Назарларыңызға алматылық команда аға бапкерінің матчтан кейінгі баспасөз-мәслихатын ұсынамыз.

Сергей Лабодовский, «Қайрат U-19»:

- Ойын Тбилисидегі матчтан оңай болған жоқ. Тіпті, қиын болған да шығар. Бізге өте жақсы қарсылас команда болды, допты бақылауда жақсы жұмыс істейді. Олардың жылдам гол соғуға тырысатынын біліп, соған дайын болғанбыз. Өкінішке қарай, олардың қолдарынан келді. Төтеп бере алдық, кей тұстарда жолымыз болды, қарсылас маңдайшаға да, бағанаға да тигізді. Есепті теңестірген соң ойын өзгеріп кетті, жағдайды біз бақылауда ұстай алдық. Есеп тоблода, біз нәтижеге қуаныштымыз.

- Қорғаныс жиі қате жіберіп, олар есепті еселеуге жақын болғанда не сезіндіңіз?

- Нәтижеге қатты қобалжыдым, гол жіберіп алған соң жігіттер қорғаныста ойнадық, жүйкелері сыр бере бастады. Біз қажет емес жерлерде жиі қате жіберіп, допты жоғалтып алып жаттық. Қарсылас соққан голынан соң шабыттана түсті, бұл өте жақсы команда, доппен жақсы жұмыс істейді, ойыншылары жылдам әрі техникалары керемет. Бұл тұрғыдан алғанда оларға жол береміз, бірақ футбол - бұл допқа иелік ету ғана емес, қорғаныста да ойнай білу керек. Біз тактиканы таңдап, қарымта шабуылда ойнадық. Қарымта шабуылдардан гол соғатынымызға сенімді болдық, ойыншыларымыз жақсы жасақталған. Ойынға қойған жоспарымыз іске асты. Осы ойыннан кейін ақ шашым көбейе түсті. 

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст