Главная » новости » Академия » Академия

Кәсіпқой мансаптағы алғашқы қадам

«Қайрат» футбол клубы бірнеше жас футболшымен келісім-шартқа отырды.

Алматылық клуб «Қайрат М» командасының ойыншыларымен еңбек келісіміне отырды. Жаңа маусымда бұл ұжым еліміздің екінші лигасында өнер көрсетеді. «Қайрат» академиясының жас ойыншылары үшін бұл кәсіпқой мансаптарындағы алғашқы келісім-шарттар. Оларға сәттілік тілейміз. Ойыншылардың толық тізімі осындай:

Қақпашылар: Данил Устименко, Дәурен Тоқмағамбетов;

Қорғаушылар: Мәди Айтөре, Артем Олейник, Глеб Евсеев, Айбар Нұрдалиев, Нұралы Әліп;

Жартылай қорғаушылар: Илья Артюшенко, Ұлан Өтешев, Акмаль Бақтияров, Адам Адахаджиев, Дарын Сүйінов, Сұлтанбек Астанов, Марлен Айманов;

Шабуылшылар: Бағдәулет Жүзбай, Тимур Балтабаев.

Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылдан бастап біздің клуб үш түрлі деңгейде өнер көрсетеді: «Қайраттың» негізгі командасы Премьер-лигада ойнайды, ал «Қайрат А» Қазақстанның Бірінші лигасында өнер көрсетеді және «Қайрат М» - жастар құрамасы еліміздің Екінші лигасында бақ сынамақ.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст