Главная » новости » Академия » Академия

«Краснодардың» тексерісі

«Қайраттың» жастары краснодарлық құрдастарымен тең тарқасты.

«Қайрат U-19» - «Краснодар U-19» - 2:2

Голдар: Швырев, 29, Әліп, 81 – Игнатьев, 45+1, Уткин, 45+2

«Қайрат»: Данил Устименко (Қ), Мәди Айтөре, Нұралы Әліп, Дарын Сүйінов, Акмаль Бахтияров (К), Рамазан Оразов, Сұлтанбек Астанов, Никита Ярков, Айбар Нұрдалиев, Андрей Ульшин, Вычеслав Швырев

Қосалқы құрам: Валерий Казначеев (Қ), Нұрдәулет Ағзамбаев, Сағыныш Серіков, Шодиёр Булишев, Арыстанбек Мұқашов, Бахтияр Нурузбакиев, Дамир Битусупов

«Краснодар»: Матвей Сафонов (Қ), Дмитрий Иванов, Игорь Парадин, Даниил Уткин, Артём Голубев, Александр Черников, Николай Бочко, Сергей Бородин, Иван Игнатьев, Арутюн Григорян, Магодмед-Шапи Сулейманов

Қосалқы құрам: Андрей Текучев, Андрей Ивашин, Шамиль Мавлианов, Роман Куражов, Илья Насонкин, Рустам Халназаров

Алаңнан қуылды: Голубев, 60 – Устименко, 90

Көптеген жанкүйерлер үшін – бұл теке-тірес ТМД-дағы үздік екі академияның тексерісі болды. Жас қайраттықтар үшін өз алаңында тек жеңіс қана қажет болған, бірақ қонақтар да Алматыға жеңіс үшін келді.

Матч «Краснодар» қақпасына жасалған соққымен басталды. Алматылық футболшылар бірнеше шабуыл ұйымдастырды, бірақ есепті аша алмады. «Краснодар» жылдам қарымта шабуылдарымен жауап қатқан. Сондай сәттердің бірінде қонақтардың екі ойыншысы Устименкомен жеке қалған, бірақ «Қайраттың» қорғанысы сыр бермеді.

29-минутта қапталдан айыр алаңына асырылған пастан соң доп Швыревке жетіп, ол қарсылас қақпасын дәл көздеді – 1:0. Ресейліктер бұл голдан соң алға ұмтылды.

Бірінші таймның соңында краснодарлықтар екі минутта екі гол соғып үлгерді. Бірінші болып Игнатьев қанжығасын майласа, бір минуттан соң Уткин өз командасын алға шығарды – 1:2, артынша командалар үзіліске кетті.

Ойынның екінші жартысында командалар салқынқанды ойнады. 60-минутта Артем Голубев ойындағы екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды.

Қонақтар өз шабуылдарын тоқтатқан жоқ. «Краснодардың» шабуылшысы Устименкомен бірге-бір шыққан – қақпашымыз өз командасын құтқарып қалды.

81-минутта Нұралы Әліп бұрыштан әуелеген допқа бірінші жетіп, оны «Краснодар» қақпасында тулатты.

Кездесудің аяғында Устименко алаңнан қуылды. Команда қақпашысыз қалды, ал үш ауысым жасалған, сөйтіп, Ағзамбаев қақпада тұрды. Соған қарамастан, жас қайраттықтар ресейліктермен тең тарқасты – 2:2.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст