Главная » новости » Академия » Академия

Максим Котов: «Австриялық командаға дайындықты бастаймыз»

«Қайрат U-19» жартылай қорғаушысы тбилисилік «Динамоға» қарсы матчтың нәтижесі жайлы пікірін айтты.

- Брінші матчтың есебіне қарамастан, бүгін күреске дайын болдық. Ешқандай босаңсу болған жоқ, бірақ бірінші минуттардағы ойынымызды басқаша ойлауға болатын еді. 10-20 минуттай сенімсіз ойнадық, бірақ артынша ойынға еніп, өз ойынымызды көрсете бастадық. Үзілісте бапкер жігер беріп, осы ойында жеңіске жететінімізді айтып, сенімділік танытты.

- Көп гол соғылды. Бұл неге байланысты?

- Бұл орталық үлес: біз де, қарсылас та солай ойнадық. Бірақ екінші таймда үлкен қысым жасағандықтан олар шаршап қалды.

- Бірінші және қарымта матчтардан айырмашылық көрдің бе?

- Екеуінде де сенімсіз бастағанбыз, бірақ қос ойында да өз күшімізді жиып, жеңісті жұлып әкеттік. Енді австриялық командаға дайындаламыз. Келесі аптада бастаймыз.

Автор: Нүрәли Алтынбек

Дереккөз: Prosportkz.kz

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст