Главная » новости » Академия » Академия

Сәтсіз бастама

«Краснодар» ФК Академиясының алаңында 2004 жылы туған жасөспірімдер арасында «Краснодар» ФК жүлдесі үшін халықаралық турнирдің алғашқы ойын күні басталды.

Турнирдің жеңімпазы атағына сегіз команда таласады: «Анжи» (Махачкала, Ресей), «Терек» (Грозный, Ресей), «Чертаново» (Мәскеу, Ресей), «Қайрат» (Алматы, Қазақстан), «Пахтакор» (Ташкент, Өзбекстан), «Алтынорду» (Измир, Түркия), сондай-ақ, «Краснодар» ФК Академиясының екі ұжымы (1 топ және 2 топ).

Командалар төрт командадан екі топқа бөлінген, алматылықтар «Краснодар», «Чертаново» Академиясы және «Анжимен» бір топқа түскен еді.

Бірінші ойында алматылықтар турнир қожайындарымен кездесіп, жеңіліп қалды - 0:3. «Қайрат U-13» командасын алда мәскеулік «Чертаново» Академиясының тәрбиеленушілері күтіп тұр. 

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст