Главная » новости » Академия » Академия

Сәтті дайындық

Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы екі жолдастық матч өткізді. 

Команданың аға бапкері Александр Кузнецов ойыншыларды екі командаға бөліп тастады. Бірінші команда алматылық «ЦСКА» клубымен ойнады. Бұл кездесу құраманың сенімді жеңісімен аяқталды – 4:1. Бұл ойында Лев Скворцов пен Жанәли Пайруз екі голдан соғып, қанжығаларын майлады. Алаңға Владислав Сазонов, Талғат Күсәпов, Гаврил Кан, Ерасыл Аманжолов, Данил Кузнецов, Айдос Орал, Жанәли Пайруз, Дінмұхамед Қашкен, Мұхит Жақсылық, Лев Скворцов және Дарын Сүйінов шықты. Сұлтан Астанов алаңға екінші таймда шықты. 

Екінші команда Алматы құрамасын 2:1 есебімен қапы қалдырды. Қайраттық Сағыныш Серіков пен Владислав Квон гол соқты. Бұл ойында алаңға шыққандар: Адашбек Әбдіразақов, Самат Бортай, Сағадат Тұрсынбай, Батыр Құдайбердинов, Айбар Нұрдәлиев, Нұрәлі Әліп, Сағыныш Серіков, Әліби Тұзақбаев, Владислав Квон, Марлен Айманов және Санжар Батырханов. Қақпашы Әли Янтижанов екінші таймда Адашбек Әбдіразақовтың орнына шықты. 

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанның 19 жасқа дейінгі құрамасы қаңтардың басында Ресейде өтетін Гранаткин Мемориалына дайындалып жатыр. 

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст