Главная » новости » Академия » Академия

Сергей Лабодовский: «Енді қайда ұмтылу керектігін білеміз»

Назарларыңызға алматылық клуб бас бапкерінің матчтан кейінгі баспасөз-мәслихатын ұсынамыз.

Сергей Лабодовский, «Қайрат»:

- Австриядағы ойынға қарағанда лайықтырақ ойнадық деп ойлаймын. Бізде қарсылас туралы толық ақпарат болды, нені күту керектігін білдік. Нәтижеге көңіліміз толмайды, шабуылда қолымыздан көп нәрсе келмейді.

- Командаға қандай тактика бердіңіз және австриялықтардың күші неде?

- Қорғаныста сенімдірек ойнау үшін ойын жүйесін алмастырдық. Қарсыласымыз позициялық шабуылдарда көп нәрсе жасай алмады, бірақ біздің де қолымыздан көп нәрсе келмеді. Қарсыластың қысымы жақсы болды, оларға қарағанда біз шешімді ұзақтау қабылдаймыз. Заманауи футбол содан құрылады - кім жылдамырақ ойналады, соның ойыны жылдам жүреді. Айырмашылықты жаттығудан да байқауға болады. Қарсыласымыз - сауатты команда, бос аймақты жауып үлгереді.

- Оларда негізгі құрамда да жоғалмайтын бірнеше ойыншы бар. Дайындықта қандай айырмашылықтар бар?

- Біздің жігіттер нақты жүйе бойынша 3-4 жыл жаттығу жасайды. Бұрын ешқандай жүйе де болмады деп есептеймін. Австриялықтар бала кезінен жаттығу жасайды. Бес жылдан кейін біздің де жас ойыншыларымыз лайықты ойын көрсетеді деп ойлаймын. «Зальцбургтің» 5-6 ойыншысы бірінші лигада ойнайды, алдарында салмақты мақсаттары бар, ал бізде бірнеше ойыншы ғана дублерлермен ойнайы. Бізде бір маусымда 3-4 қана мықты қарсылас болады. Біз қай жерде де бірінші нөмірмен ойнаймыз, бәрі бізге дайындалады, бірақ жылына 10 шақты ойын ғана өткіземіз, сол кезде ойыншыларға барын салу қажет болады. Халықаралық ойындар, турнир көп болса, бізге де жақсы. Бүгінде біздің командалар түрлі турнирлерге қатысып жүр, басшылыққа алғыс білдіремін. Енді қайда ұмтылу керектігін білеміз. 

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст