Главная » новости » Академия » Академия

Турнир қожайындарына жол бердік

«Шериф Кубогы-2016» халықаралық турнирінің топтық кезеңіндегі кезекті матчта Қазақстан жасөспірімдер U-17 құрамасы молдавалық клубтың тәрбиеленушілерінен минмалды есеппен жеңіліп қалды.

Александр Кузнецов шәкірттері кездесуді белсенді бастаған. Олар бірнеше қауіпті шабуылдар өткізді, бірақ оларды пайдалана алмады. Алаң иелері бірінші таймның аяғында өз мүмкіндігін голға айналдырды, есепті ашқан – Мокон.

Гол жіберіп алған соң қазақстандықтар есепті теңестіру үшін алға ұмтылды, бірақ шабуыл шебінде гол соға алмады.

Топтық кезеңнің соңғы матчында қазақстандықтар румыниялық «Вииторул» командасымен күш сынасады. Айта кетейік, қайраттық Устименко мен Ульшин алаңға негізгі құрамда шықты.

Голдар: Мокон, 42

Қазақстан: Устименко, Айтым, Ілиясов, Совет, Улышин (Кенешов), Махан (Шәмші), Орал (Қалыбаев), Қашкен, Сейдахмет, Қайыркенов, Құдайбердинов (Усачев).

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст