Главная » новости » Академия » Дубль

«Қайрат U-21» уақытынан бұрын чемпион атанды!

23-турда қайраттықтар Оралға қонаққа барып, жергілікті «Ақжайықтың» жастарымен күш сынасты.

«Ақжайық U-21»: Александр Удалов, Данил Серов, Мирад Жарылғасов, Максим Иванченко, Дархан Залмұқанов, Никита Попов, Төрекелді Жұмабаев, Әділет Болатов, Даниил Кочнев, Еркен Тапалов, Сергей Шевцов.

«Қайрат U-21»: Біржан Нұрәділ, Айбол Абикен, Сүлімжан Бакиев, Ислам Иминов, Александр Стародубов, Павел Кривенцев, Ернар Қыдырәлі, Рашид Люхай, Салман Хабаев, Нұрлан Дайыров, Мадияр Райымбек.

Бұл командалардың өзара соңғы кездесуінде сары-қара түстілер ірі есеппен жеңіске жеткен болатын, сондықтан бүгін олар «Қайратқа» қарсы матчқа ерекше жігермен шықты. Дегенмен, таймның ортасында Сүлімжан Бакиев гол соғып, қонақтар есепте алға шықты.

Бірінші таймның аяғында оралдықтар таразы басын теңестіре алды, бірақ екінші қырық бес минуттықта «Қайрат» қажетті нәтижеге қол жеткізді. Соңғы ысқырықтың естілуіне бес минут қалғанда Нұржігіт Сматов алматылықтарды алға шығарды, ал кездесудің соңғы минуттарында Рифат Нұрмұғамет басымдықты ұлғайтты - 3:1.

Осы жеңісінің арқасында «Қайрат» екінші орында келе жатқан «Тобылдан» 12 ұпайға озып кетті. Қарағандылықтар мен қостанайлықтар теориялық тұрғыда алматылық команданы қуып жете алмайды.

Осылайша, «Қайрат U-21» Екінші лиганың алғашқы жеңімпазы атанды, енді олар келесі маусымда Қазақстанның Бірінші лигасында ойнайды.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст