Главная » новости » Академия » Дубль

Бес ұпайға алдамыз

Өткен турда алматылықтар бірінші орынға шыққан болатын, енді сары-қара түстілердің мақсаты - көшбасында қала беру.

«Қайрат U-21»: Владимир Грошев, Тимур Рудосельский, Нұрлан Дайыров, Ділшат Мұсаев, Мадияр Райымбек, Ян Вороговский, Аслан Дарабаев, Рашид Люхай, Нұржігіт Сматов, Әлібек Қасым, Максим Котов.

«Жетісу U-21»: Ерік Дүйсенбекұлы, Айсұлтан Сейдахмет, Дидар Марленов, Иманғазы Сарқыт, Рахат Отызбаев, Шыңғысхан Кенжебеков, Еламан Бейсембаев, Жақсылық Сейдахметов, Әділет Талғатов, Данияр Нұржұмаев, Еркебұлан Мұсабеков.

«Қайрат» үшін біріншілікте оңай қарсылас қалған жоқ - әр команда алматылықтарға қарсы матчқа тыңғылықты дайындалады, оның үстіне, «Жетісу» - оңай шағылар жаңғақ емес, күресе алатын команда.

Сары-қара түстілердің құрамы эксперименттік болмаса да, ерекше деуге болады. Осы маусымда алғаш рет жастар құрамасының сапында алаңға Тимур Рудосельский мен Аслан Дарабаев шықты. Тимур жарақатынан енді айығып келеді, ал Аслан негізгі құрамда жиі ойнай бермейді. Сондықтан екеуіне де қосалқы командада ойын тәжірибесі қажет болды. Айтпақшы, «Қайрат U-21» ойынын трибунада Кахабер Цхададзенің барлық бапкерлік штабы тырды.

Матчқа келер болсақ, ойынның басы қайраттық үлгіде өтті. Алматылықтар жиі допқа иелік етіп, шабуылдады, нәтижесінде 13-минутта пенальти белгіленді - қарсыластың айып алаңында Нұржігіт Сматовты құлатып тастады. Нүктеге келген Максим Котов он бір метрлік соққыны шебер орындады - 1:0.

Голдан кейін қайраттықтар қарқынын азайта бастады, бірақ қонақтарға бұл көмектеспеді. «Жетісу» екінші нөмірмен ойнауын жалғастырып, мүмкіндіктер жасай алмады.

Екінші тайм еш өзгеріссіз басталды, ойын сол қарқында өте берді. 57-минутта жетісулықтар стандарт орындауға мүмкіндік алды, айып соққысын орындауға Әділет Талғатов келді. Талдықорғандық ойыншының соққысы нысанаға дәл барды - 1:1.

Таблода тең есеп ұзақ сақталған жоқ, 10 минуттан кейін Дарабаев «Қайратты» есепте алға шығарды - 2:1. Бірнеше минуттан кейін Аслан пенальти орындауға мүмкіндік алды, Айсұлтан Сейдахмет ойын тәртібін бұзып, алматылықтардың соққы жасауына кедергі болды. Сол үшін алаңнан қуылды. Дарабаев нүктеден соққы жасады, бірақ қонақтардың қақпашысы допты алып шықты.

82-минутта жағымсыз эпизод болды. «Жетісу» өз шабуылын жасады, Грошев қақпасын тастап, допқа бірінші болып жетті, бірақ жылдамдықпен келе жатқан Кенжебеков соққы жасап қалды. Нәтижесінде «Қайраттың» қақпашысы жарақат алып, ойынды сол жерден аяқтады, ал «Жетісудың» футболшысы екінші рет ескерту алып, алаңнан қуылды.

Бірнеше минуттан соң қайраттықтар есептегі басымдықты ұлғайта алды. Бұл жолы Сматов қарсыластың айып алаңына еніп, соққы жасады - 3:1.

Сол уақытта өтіп жатқан матчта қарағандылық «Шахтер» «Рузаевкаға» қарсы ойында ұпай жоғалтты. Осылайша, «Қайрат» маңызды жеңіске жетіп қана қоймай, екінші орындағы қарсыласынан ұзап кетті. Қазір алматылықтар кеншілерден бес ұпайға озып келеді. Айта кетейік, «Қайраттың» жастары әлі бір ойынын өткізген жоқ. Бұл матч 15 қыркүйекте Алматыда өтеді. 

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст