Главная » новости » Академия » Дубль

Бір сатыға көтерілдік

Бүгінде алматылықтар үшін әр матчты ақтық сын деп айтуға болады. «Шахтердің» ізімен тур сайын келе жатыр, енді қателікке орын жоқ.

«Атырау»: Азамат Жомартов, Алексей Блинов, Ринат Жұматов, Әлихан Отаралы, Айболат Макуов, Ерхан Таласбаев, Ерасыл Аманжол, Сұлтан Қабдрахимов, Батырхан Орынбасаров, Айбек Гумаров, Рамазан Жаманбаев.

«Қайрат»: Біржан Нұрәділ, Ескендір Қыбырай, Ислам Иминов, Рамазан Оразов, Рашид Люхай, Әлібек Қасым, Максим Котов, Рифат Нұрмұғамет, Нұрлан Дайыров, Ділшат Мұсаев, Мадияр Райымбек.

Өткен маусымда «Атырау» өзгеше құраммен өнер көрсетіп, мұнайшылар сол жылы алтын медаль алған болатын. Кейбірі негізгі командаға ауысты, басқасы болса, бірінші лигаға ауысып кетті және бүгінде сол құрам қалмады.

Бүгінде атыраулықтар турнир кестесінде соңғы орында келеді, бірақ олардың алаңдарында матчтар оңай болмайды. Бұл кезде «Қайрат» ойыншылары ұпайды оңай алатындай көрінген, оның үстіне, Люхай 5-ші минутта Жомартов қақпасына гол соқты - 1:0.

Допқа жиі иелік етіп, шабуылдарды шабуылға ұлыстарғанымен гол соға алмай жатты, ал «Атырау U-21» өзінің жалғыз мүмкіндігін голға айналдыра алды, Ерасыл Аманжол үзіліске дейін есепті теңестірді - 1:1.

Екінші тайм да бұрынғы «сценариймен» жалғасты, алматылықтар басым болды, бірақ ұзақ уақыт бойы алға шыға алмады. Екінші таймның ортасында Рифат Нұрмұғамет өте маңызды гол соқты - 2:1.

Кездесу аяқталар тұста алматылықтар өз басымдықтарын нығайта алды. Мадияр Райымбек үшінші голдың авторы атанды - 3:1.

Осылайша, «Қайрат» маңызды жеңіске қол жеткізді және бірінші орынға көтерілді. Себебі қарағандылық «Шахтер» паралель өткен матчта ұпай жоғалтқан болатын. Алматылықтардың келесі ойыны 12 қыркүйекте өтеді, Максим Шевченко шәкірттері өз алаңында «Жетісумен» кездеседі. 

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст