Главная » новости » Академия » Дубль

Көңілді нотада

«Қайрат U-21» Екінші лига Біріншілігінің соңғы матчында ірі есеппен жеңіске жетті.

Бұл маусымды аяқтау үшін алматылықтар Шучинскіге аттанды, мұнда Максим Шевченко шәкірттері «Оқжетпестің» жастарымен күш сынасты. Турнирдің аяқталуына үш тур қалғанда «Қайрат» екінші лиганың алтын медалін жеңіп алған болатын, сондықтан соңғы матчты сары-қара түстілер айқын фаворит саналды.

Голдар: Райымбек 36, Райымбек 45, Люхай 51, Нұрмұғамет 88

Орындалмаған пенальти: Жағыпаров 89

Ескертулер: Лебедев 68 – Абикен 41, Райымбек 42

Оқжетпес-U21: Абжанов (Фролов 75), Зябко, Қалмықов (Афонченко 82), Жағыпаров, Ильин, Қайыркенов (Зимогляд 82), Қуанышбеков, Горда, Ідірісов (Елебек 72), Лебедев (Ашихмин 72), Гридасов (к)

Резерв: Сазанский, Айтымов

Қайрат-U21: Нұрәділ, Дайыров, Райымбек (Бәкиев 55), Абикен (Дадаев 68), Иминов, Стародубов (Қыбырай 84), Кривенцев, Қыдырәлі, Люхай (Нұрмұғамет 74), Хабаев (к) (Сматов 72), Котов

Резерв: Тоқмағамбетов

Кездесудің басы «Қайрат» үшін оңай болған жоқ, алайда, «Оқжетпес» те Ақмола облысының ауа-райына бірден бейімделіп алды деуге келмес. Алматылықтар бірінші таймның орта беліне таман өз ойынын таба бастады, артынша Мадияр Райымбек соққан екі голдың арқасында басымдыққа ие болды - 2:0.

Матчтың екінші жартысы Рашид Люхайдың голымен басталды. Ал ойынның нүктесін Рифат Нұрмұғамет 88-ші минутта қойды.

«Қайрат U-21» үшін көкшетаулықтарға қарсы ойын осы маусымдағы соңғы матч болатын. 2017 жылы бұл команда еліміздің Бірінші лигасында ойнауға мүмкіндік алады. 

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст