Главная » новости » Академия » Дубль

Көшбасшылар кездесуі

«Қайрат Ж» чемпионаттың көшбасшысымен тең түсті.

«Қайрат Ж» - «Алтай» - 1:1

Голдар: Райымбек, 51 – Хабаев, 59

«Қайрат Ж»: Олег Грубов (Қ), Мәди Айтөре, Нұралы Әліп, Ұлан Өтешев, Нұрдәулет Ағзамбаев, Адам Адахаджиев, Андрей Ульшин, Артем Олейник, Акмаль Бахтияров, Жандос Солтан, Мадияр Райымбек

Қосалқы құрам: Дәурен Тоқмағамбетов, Әлібек Қасым, Ескендір Қыбырай, Артур Шушеначев, Бағдаулет Жүзбай, Сұлтанбек Астанов, Сағыныш Серіков, Бахтияр Нурубзакиев, Никита Ярков

«Алтай»: Исламбек Асан (Қ), Серікжан Жүрсінбеков, Денис Щеткин, Бауыржан Таңібергенов, Евгений Нохрин, Нұржарық Кунов, Евгений Коструб, Дәурен Қайқыбасов, Руслан Хаиров, Арман Нусип, Салман Хабаев

Қосалқы құрам: Әнуар Сапарғалиев, Сергей Шевцов, Алексей Мальцев, Шыңғыс Арыстанбеков, Руслан Мусин, Темірлан Нұржанов, Олег Овчинников

Ескертулер: Райымбек, 5 – Хабарев, 9, Қайқыбасов, 27, Кунов, 43

Екінші лига чемпионатының қос көшбасшысы Алматыда кездесті.

Сырт алаңда «Алтайдан» жеңілген соң «Қайрат Ж» қарсыластан реванш алуға тырысты. Кездесудің маңыздылығын матч басындағы сары қағаздардан-ақ білуге болады. Қос қақпаның алдында да күрес болды, бірақ командалар бірінші таймда гол соға алмады.

Ойынның екінші жартысында Мадияр Райымбек айып соққысын орындап, әдемі соққымен ойын есебін ашты – 1:0. Араға 8 минут салып Әліп қарсылас қақпасына екінші голды соққан, алайда алаң жиегіндегі төреші жалаушасын көтерді – оффсайд. Бір минуттан соң, қонақтар қарымта шабуылды сәтті пайдаланды – 1:1.

Артынша екінші таймда тәжірибелі «Алтай» бірнеше мүмкіндікке ие болған. 85-минутта «Қайрат Ж» тағы да алға шығатын мүмкіндік алды, алайда соққы бағанаға тиді. Кейін командалар гол соға алмады – 1:1.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст