Главная » новости » Академия » Дубль

Мақсатқа жақындай түстік

Шымкенттіктерге қарсы кездесудің алдында алматылықтар турнир кестесінде жақсы жағдайда болған, бірақ бұл «Ордабасымен» ойында еш мәнге ие болмады.

«Қайрат» бірінші минуттан-ақ бүгінгі ойында тек жеңіске ғана көңілі толатынын білдірді. Алаң иелері шымкенттік ұжымның қақпасын жиі торуылдаумен болды. 20-минутта Райымбек оң бұрышты көздеген, бірақ «Ордабасының» қақпашысы өте сенімді ойнады. Артынша Хабаев қарсыластың айып алаңынан табылды, бірақ оның соққысы нысанадан қиыс кетті.

Бірінші таймның ортасында Оразов допты қабылдап, қорғаушыны алдап өтте те, соққы жасады - сары-қара түстілерге тағы да дәлдік жетіспеді. 30-минутта «Қайрат» есепте алға шығады, Люхай көзге түсті - 1:0.

Ойынның екінші жартысы да сол сценарий бойынша өтті. 60-минутқа таман алматылықтар Асанның қақпасына екінші допты соқты. Бұл жолы да Даировтан пас алған Люхай қанжығасын майлады - 2:0.

Кездесудің нүктесін алаңға тыңнан қосылған Сұлтан қойды. Жандос қажет кезінде қажет жерде табылып, 87-минутта гол соқты - 3:0.

Осылайша, «Қайрат U-21» ірі есеппен жеңіске жетіп, турнир кестесіндегі орнын жақсартып алды. Келесі матчын алматылықтар 3 қазанда Оралда өткізеді. 

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст