Главная » новости » Академия » Дубль

Максим Шевченко: «Алғашқы минуттарда жиі бөгеліп қалдық»

Назарларыңызға клубтың жастар командасы бас бапкерінің матчтан кейінгі баспасөз-мәслихатын ұсынамыз.

Максим Шевченко, «Қайрат U-21»:

- Қарсылас 25-25 минут бойы белсенді тойтарыс берді, бізге өз футболымызды ойнауға мүмкіндік бермеді. Артынша ойынды, шабуылдың басын жөнге қойдық, мүмкіндіктер пайда бола бастады, олардың екеуін пайдаландық. Екінші таймда қарсыласты қысып тастадық, басымдық толығымен біздің жақта болды. Көптеген мүмкіндіктерді пайдалана алмадық.

- Щучинскіде күн салқын болды. Ауа-райы ойынға кері әсерін тигізді ме?

- Алғашқы минуттарда жиі бөгеліп қалдық, алаңның жағдайына үйрене алмадық - өте ұзақ бейімделдік. Артынша бәрі өз орнына келді.

- Жастар үшін маусым аяқталды. Енді жоспар қандай?

- Маусымның аяқталып жатқаны өте өкінішті. Команда өз қалпына келіп алған еді. Кез келген жағдайда, жаттығуларды жалғастырамыз. Негізгі командаға қарсы спаррингілер болатын шығар, мүмкін ойыншылардың бірін шақырып қалар, сондықтан демалысқа негізгі командамен бірге кетеміз. Жаттығуды жалғастырып, ойыншылармен жеке сабақтарды бастаймыз. 

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст