Главная » новости » Академия » Дубль

Максим Шевченко: «Босаңсуға болмайды»

Максим Шевченко шәкірттерінің пікірінше, команда қиын қарсыласпен матчқа дұрыс жігерлене білді:

- Осы ойынның алдында қиындықтарға тап болдық, себебі ойыншылар жетіспей қалды - ойыннан шеттетілгендер, жарақат алғандар, негізгі команда өте кеш келді. Көмекті ешкім бере алмады, өз күшімізбен әрекет еттік. Ойынның қиын боларын және жігіттер жігерлене алмай қалуы мүмкін екенін білдік, себебі кейбірі барлығын шешіп, барлығын жеңіп алдық деп ойлауы мүмкін.  Ойыншыларды жігерлендіруіміз керек болды, бұл қолымыздан келді. Ойын мазмұнына көңілім толады, басым болып, екінші аймаққа жақсы өттік. Тек ойынның соңында креатив пен соңғы пас жетіспей жатты.

- Жастардың келесі ойыны 3 қазанда Оралда өтеді. Негізгі команда 1 қазанда ойнайды, ал U-19 ойыншылары Қазақстанға 1 қазанда ғана  оралады. Кіммен ойнайтын боласыз?

- Иә, сол кезде де қиындықтар туындайды. Бұл мәселені шешуге тырысамыз, бірақ бүгінге қарағанда қиындау болады. Ойынға қатыса алмайтын футболшылар көп болмақ.

- Уақытынан бұрын чемпион болғанымызды айта беруге бола ма?

- Бәрі келесі турда шешілуі мүмкін, бірақ қазір әр матч туралы ойлап жатырмыз. Қалған ойындарда босаңсуға болмайды. 

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст