Главная » новости » Академия » Дубль

Максим Шевченко: «Маусым жақсы өтті»

«Қайрат Ж» командасының аға бапкері «Жетісу» жастарын жеңіп, Екінші лига командалары арасындағы чемпионат аяқталған соң баспасөз-қызметінің сұрақтарына жауап берді. Естеріңізге сала кетсек, Шевченко шәкірттері біріншілік қорытындысы бойынша күміс медаль жеңіп алды.

 

- Матч ауыр болды, кейбіріне демалуға мүмкіндік бердік, кейбірін байқап көрдік. Кей позицияларды ауыстырдық, резервтегі ойыншыларды қарап көрдік. Қарсылас жігерлене шықты, бірден күреске толы ойын көрсетті: жекпе-жектер көп болды. Жігіттер, мүмкін, өзінің ең үздік футболын көрсетпеген шығар, бірақ біз бұл ойынды ниеттің, ұйымдасудың арқасында жеңдік.

 

- Чемпионат артта қалды – маусымға қандай баға бере аласыз?

- Маусым жақсы өтті деп есептеймін. Осы маусымда ойнап, өте жақсы ойын көрсеткен жігіттер үшін қуаныштымын. Егер «Алтай» командасын есептемейтін болсақ, дубльдер арасында біз үздік атандық. Маңызды, жігіттер өсті және болашақта олар негізгі команда мен Бірінші лигада ойнай алады деп үміттенемін.

 

- Команда маусымдағы соңғы матчын өткіздік, алда демалыс па?

- Жоқ, ешқандай демалыс жоқ. Жұмысымызды жалғастыра береміз, жігіттерде жекелей және техникалық тұрғыда қиындықтар бар. Сондықтан енді тәлім беретін жаттығулар көбірек болады, жігіттердің осал тұстарын жөндеуге тырысамыз.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст