Главная » новости » Академия » Дубль

Максим Шевченко: «Ойын әсерлі болды»

Максим Шевченконың пікірінше, команда екінші таймды жоғары деңгейде өткізіп, ойынды сенімді аяқтады:

- Ойын әсерлі өтті. Үлкен басымдыққа ие болдық, көптеген мүмкіндіктер ұйымдастырғанымызбен, гол соға алмай жаттық. Кейін өзімізге өзіміз қиындық тудырып, гол жіберіп алдық. Бәрінің осылай аяқталғаны жақсы болды, оның үстіне, «Шахтер» ұпай жоғалтты.

- Бірінші голдан кейін команда қарқынын азайтқандай көрінді.

- Бізге де солай көрінді. Үзілісте жігіттермен шамалы сөйлестік. Екінші таймда жылдамдықты арттырдық, жігер бере түстік. Жапы, екінші таймның сапасына көңіліміз толады. Тағы  да гол соғу үшін мүмкіндіктер көп болды. Келесі ойындарда алдыңғы шепте жақсы ойын көрсетеміз деп үміттенеміз.

- Владимир Грошев туралы. Оның қандай жарақаты бар және қашан ойнай алады?

- Қазір ауруханаға барады, жарақатын суретке түсіреміз. «Жетісу» ойыншысының тарапынан бұл жігітке тән қылық болмады. Соңғы сәтте аяғын қоя салып, қақпашыны жарақаттауға болмайды. Мұндай сәттер футбол сәнін кетіреді. 

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст