Главная » новости » Академия » Дубль

Максим Шевченко: «Жеңіске жеткенімізге қуаныштымын»

Максим Шевченконың пікірінше, команда қарсыластың қарқынына төтеп беріп, өз мүмкіндіктерін пайдалана алды:

- Чемпиондықтың тағдыры шешіліп жатқан соң қызық ойын болды. Жігіттер қиын ойын болатынын түсінді, оның үстіне, өз алаңымызда ірі есеппен жеңгенбіз. Мұнда жылы қабыл алды, бірақ біз төтеп беріп, өз мүмкіндіктерімізді пайдалана алдық.

- Біріншіліктің аяқталуына үш тур қалғанда алтын жеңіп алған соң қандай сезімдесіз?

- Іштей жеңілдік бар. Жылдың басынан бері қанша жұмыс істелді, міне, мақсат орындалды. Сәл құлазып қалғандаймын. Бірақ жеңіске жеткеніміз үшін қуаныштымын. Өзіміз үшін қойған мақсатымыз - қалған ойындарда да жеңіске жету.

- Шамасы, өз алаңымыздағы соңғы матч «Орталық» стадионда өтуі мүмкін. Команда бұл ойында қандай көңіл-күймен шығады?

- Мықты құраммен және дайындықпен шығамыз. Жанкүйерлердің үміттерін ақтап, басқа командалардың мықты екенімізді тағы да дәлелдеуіміз қажет. Тек жеңіске жетуді ғана мақсат қыламыз.

- Жеңістің құрметіне ойыншыларға бір-екі күн демалыс бермейсіз бе?

- Жоқ, бермейміз (күліп). Бәрі жоспар бойынша, енді «Ертіске» дайындаламыз. Бұл ойынға бес қаруымызды түгендеп шығуымыз керек. 

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст