Главная » новости » Академия » Дубль

Сегіз ұпайға оздық

Тамыздың ортасында ғана алматылықтар мен ақтөбеліктер 13-тур матчын өткізген, бұл ойын Алматыдағы террористік қауіпке байланысты кейінге шегерілді. Қыркүйекке дейін  турнир кестесінде жағдай өзгерді, бірақ «Қайратқа» әлі де жеңіс ауадай қажет еді.

«Қайрат U-21»: Олег Грубов, Ислам Иминов, Рамазан Оразов, Нұржігіт Сматов, Әлібек Қасым, Максим Котов, Рифат Нұрмұғамет, Нұрлан Дайыров, Ділшат Мұсаев, Ян Вороговский, Бауыржан Тұрысбек.

«Ақтөбе U-21»:  Мейірлан Қайырмаганбетов, Нұрбол Жұмашев, Абат Айымбетов, Данияр Әбубәкиров, Сырым Әділжанов, Иван Петренко, Жасұлан Сатвадыев, Айбар Темірбаев, Антон Скворцов, Евгений Чернышов.

«Қайрат U-21» өз алаңында өте сенімді ойнайды, ұпай жоғалтпайды деуге де болатын шығар. Әдеттегідей матчтың басы сары-қара түстілердің пайдасына қалды. 4-минутта Бауыржан Тұрысбек жастар арасындағы екінші матчта үшінші голын соқты - 1:0.

Қайраттықтар есепті жылдам еселей түсетіндей көрінген еді, бірақ «Ақтөбе» өте сенімдірек ойнай бастады, алаң иелерінің соққыларына төтеп бере алды. Алайда, 15-минутта алматылықтар допты екінші рет Қайырмағанбетов қақпасында тулатты. Рифат Нұрмұғамет Тұрысбекке пас берген, Бауыржан мүлт кетпеді - 2:0.

Қонақтардың салы суға кетпей, бірінші таймның ортасында бірнеше қауіпті соққылар жасай алды. Алдымен айымбетов Грубовпен бірге-бір шыққан, бірақ қақпаны туралай алмады. Артынша «Қайраттың» қақпасына айып соққысы белгіленген, бірақ бұл тұста ақ-қызыл түстілердің жолы болды. Нүктеге келген Әбубәкіров дәл соққы жасады - 2:1. Тайм аяқталар тұста Айымбетов тағы да бір рет Грубовпен бірге-бір шығуы мүмкін еді. Бірақ Бауыржан Тұрысбек сенімді ойнап, одан допты тартып алды.

Үзіліске 5 минут қалғанда Ян Вороговский жойқын соққы бағыттады, бірақ доп бағанаға тиді. Екінші деммен тағы бір шабуыл ұйымдастыра алмады. Бірақ үзіліске командалар басқаша есеппен кетті. Рифат Нұрмұғамет айып соққысын әдемі орындады - 3:1.

Екінші таймның басында гол соғылмады. «Қайрат» өз шабуылдарын жалғастыра берді, қарсыластың қорғанысын ашуға тырысты, бірақ ақтөбеліктер қорғаныста сенімді ойнап, қарымта шабуыл жасауға ұмтылды.

Үлкен басымдыққа ие болғанына қарамастан, алаң иелері қарсыластың қорғанысын бұзып жарып, өте алған жоқ. Бірақ ойынның  қорытындысы бойынша сенімді жеңіске қол жеткізді - 3:1.

Осылайша, «Қайрат» екінші лига біріншілігінде кезекті жеңісіне қол жеткізіп, екінші орыннан 8 ұпайға дейін ұзап кетті. Максим Шевченко шәкірттері келесі матчын 19 қыркүйекте Таразда өткізеді. 

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст