Главная » новости » Академия » Дубль

Жаңа маусымға – үш командамен

2017 жылы «Қайрат» қазақстандық футболдың негізгі үш лигасында да өнер көрсетеді.

«Қайрат U-21» Екінші лига біріншілігінің жеңімпазы атанған болатын, соның арқасында алматылықтар Бірінші лигаға жолдама алды. Сондай-ақ, «Қайрат» Екінші лигаға да өз командасын шығара алады. Осылайша, 2017 жылы алматылық клубтың командары Премьер-лигада, Бірінші лигада және Екінші лигада ойнайды.

Клуб басшылығының шешімі бойынша Бірінші лигада ойнайтын команданың аға бапкері қызметі Константин Горовенкоға берілді. Соңғы екі маусымда бұл маман негізгі команданың бапкерлік штабында болған еді. Жастар командасының көмекшісі ретінде Александр Шатских жұмыс істейді.

Айта кетерлік жайт, негізгі команданың бапкерлік штабындағы Константин Горовенконың орнын Сергей Лабодовский басады. Ол бұған дейін «Қайрат U-19» командасын баптаған болатын. Ал Екінші лигада өнер көрсететін ұжымға келер болсақ, ол жақта аға бапкер қызметін Максим Шевченко атқара береді. 

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст