Главная » новости » Академия » Дубль

Жастарымыз «Астананы» ұтты

«Қайраттың» дубльдік құрамы өз алаңында жеңіске  жетті.

Бірінші болып есепті қайраттықтар ашты. Кездесудің 31-минутында Бағдәулет Жүзбай допты Подымский қақпасында тулатты. Араға 7 минут салып, Жүзбай басымдықты ұлғайтты. Бірінші таймның аяғына таман астаналықтардың ойыншысы Дінмұхамед Қашкен Грубов қақпасына пенальтиді дәл орындады – 2:1, командалар үзіліске кетті.

Екінші тайм Жандос Солтанның жылдам голымен басталды: алматылықтардың ойыншысы кездесудің 49-минутында басымдықты ұлғайтты. Артынша, матч есебі өзгерген жоқ. Осылайша, қайраттықтар өз алаңында сенімді жеңіске жетті.

«Қайрат Ж» - «Астана Ж» – 3:1
Голдар: Жүзбай, 31, 38, Солтан, 49 – Кашкен (пен), 41
«Қайрат Ж»: Грубов Олег, Солтан Жандос, Жүзбай Бақдәулет, Бахтияров Акмаль, Айтөре Мәди, Олейник Артем, Өтешев Ұлан, Адахаджиев Адам, Ульшин Андрей, Әліп Нұралы (к), Ағзамбаев Нұрдәулет.
Резерв: Тоқмагамбетов Дәурен, Серіков Сағыныш, Астанов Сұлтанбек, Ниязбеков Еламан, Нұрдалиев Айбар, Айманов Марлен, Сүйінов Дарын, Уксукбай Омар, Ярков Никита,
«Астана Ж»: Подымский Данил, Сағынаев Сұлтан, Қайыркенов Жасұлан, Мұқанов Саян, Кәрімов Рамазан, Пронь Виктор, Күсәпов Талғат, Совет Сағи, Қашкен Дінмұхамед (к), Скворцов Лев, Күшікбаев Данияр.

Резерв: Медведев Олег, Махан Руслан, Өмірзазов Данияр, Айтым Санжар, Ильясов Алим, Цой Артем, Маматов Нұрдәулет.
Төрешілер: Сергей Ноженко (Талдықорған), Азамат Ахметов, Руслан Жасыбай (екеуі де Алматы).
Қосалқы төреші: Кирилл Ткачёв (Алматы).
13
қазан, 2017, 14:00. Алматы қ., Т.С. Сегізбаев Академиясының стадионы.

 

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст