Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Айбол Әбікен: «Армандар орындалады»

Алматылық «Қайраттың» жас жартылай қорғаушысы «Астанаға» қарсы матчта кештің басты қаһармандарының бірі болып, команданың негізгі құрамындағы дебютті голын соқты. Журналистерге берген сұхбатында Айбол өз әсерімен бөлісіп, мансабы туралы айтты.

 

- Айбол, қазақстандық футболсүйер қауым Сізді әзірше көп танымайды. Қайда және қашан туғаныңызды, қай жерде футболмен айналыса бастағаныңызды айтыңызшы? Неге спорттың осы түрін таңдадыңыз?

- 1996 жылы 1 маусымда Алматыда тудым. Футболмен 4 сыныпта «Еңбекте» айналыса бастадым. Алғашқы бапкерім Александр Евгеньевич Кузнецов болды. Әкем мені «Қайраттың» ойындарына Орталық стадионға алып баратын, футболға махаббатым солай басталды.

 

- Яғни, Сіз бала кезіңізден «Қайраттың» жанкүйерісіз деуге бола ма?

- Иә! Дәл солай.

 

- Басқа командаларға жанкүйер болдыңыз ба? Футболшылар арасында пір тұтатыныңыз бар ма?

- «Ливерпульдің» жанкүйерімін. Пір тұтатын футболшым – Стивен Джеррард.

 

- 2015 жылға дейін үлкен футболда жасаған жолыңыз қандай болды? «Қайраттың» дублінде қашаннан бері ойнап жүрсіз?

- Жаңа айтқанымдай, «Еңбекте» ойнап бастадым. Кейін «Цеснаға» ауыстым, артынша қайраттық болдым.

 

- Алаңға қандай позицияларда ойнай аласыз?

- Орталық қорғаушы және тіреуші хавбек позицияларында ойнай аламын.

 

- Соңғы екі жылда Сіз қазақстандық чемпионаттың барлық үш лигасында ойнап үлгердіңіз. Мұндай тәжірибені қысқаша бағалап өте аласыз ба?

- Үш лигада, әрине, қиыны – ҚПЛ. Мұнда жылдамдық басқа, жылдам ойланып, шешімді тез қабылдауыңыз қажет.

 

- Елордада «Астана» қақпасына соққан голыңыз «Қайратта» ел чемпионы атағына таласқа қайта оралтты. Матч алдында мұндай болады деп ойладыңыз ба?

- Ойынға бір күн қалғанда «Астанаға» қарсы ойында алаңға шығып, гол соғуды армандадым. Армандар орындалады (күліп).

 

- Бұл гол Сіздің футбол мансабыңыздағы ең жарқын сәт деп айтуға бола ма? Или басқа сәттер де болды ма?

- «Астанаға» соққан голым мансабымдағы ең жарқын сәт деп ойлаймын!

 

- Негізгі команданың бапкері Карлос Алоспен жұмыс қалай өтіп жатыр? Астанада алаңға шығарар алдында не айтты? «Бар да, гол соқ» деді ме?

- Карлос Алос – жақсы бапкер, жас ойыншыларға сенеді. Алаңға шығар алдында өз ойынымды ойнауым керегін, ешкімнен қорықпай, қорғанысқа көмектесуім керегін айтты.

 

- ҚПЛ-дың соңғы турында «Ақтөбеге» қарсы матчта алаңға шығамын деп ойлайсыз ба?

- «Ақтөбеге» қарсы ойында – бапкер не шешсе, сол болады. Жалпы, қашан да дайынмын!

 

- «Қайрат» маусымның соңғы матчында, өз жанкүйерлерінің алдында қандай жігермен ойнайды?

- Чемпионаттың соңғы ойыны, өз стадионымызда ойнаймыз. Жанкүйер көп келеді деп ойлаймын. Үш ұпай жинап, жанкүйерлерімізді қуанқымыз келеді!

 

Дереккөз: Sports.kz

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст