Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Айбол Әбікен: «Бірінші лиганың үздік жас ойыншысы атанғаныма өте қуаныштымын»

«Қайрат А» командасының орталық жартылай қорғаушысы Айбол Әбікен Бірінші лига маусымының қорытындысы бойынша чемпионаттың үздік жас ойыншысы атанды. ҚКФЛ баспасөз-қызметіне берген сұқбатында Айбол өз ойымен бөлісті:

 

- Айбол, номинациядағы жеңісіңіз туралы естігенде қандай эмоцияда болдыңыз?

- Әрине, мен қуанышты болдым. Шыны керек, бұл жаңалық мен үшін күтпеген болды. Бұл номинацияда жеңіске жетемін деп ойлаған емеспін. Бұл жаңалықты маған менің ұжымдастарым хабарлады. Маған дауыс берген барлық адамдарға рақмет айтқым келеді! Бұл атақ меннен жауапкершілікті талап етеді, келесі жылы бұданда жақсы ойнауға тырысамын!

 

- Болашақ маусымға мақсаттар қойып үлгердіңіз бе?

- Негізгі команданың сапында негізгі құрамда жие шыққым келеді. Бас бапкердің сеніміне кіру үшін жаттығуларда бар күшімді саламын. Екі жүз пайызға берілемін. Әрине, «Қайратқа» Қазақстанның чемпионы атануға үлесімді қосқым келеді. Бізде бұл мақсатты орындау үшін барлық мүмкіндіктер жасалған.

 

- Сіз «Қайраттың» бірінші командасында бірнеше ойын өткіздіңіз және «Астана» қақпасына гол соқтыңыз. Жасы үлкен әріптестер не айтады, кеңестер беріп тұра ма?

- Командадағы атмосфера тамаша. Тәжірибелі әріптестер ойын кезінде де, жаттығу кезінде де кеңес беріп тұрады. Олардың кеңестеріне құлақ салып тұрамын.

 

- Команда да кіммен достастыңыз?

- Барлығымен сөйлесуге тырысамын.

 

- Сіз - 2019 жылы өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысатын жастар құрамасының негізгі ойыншысыз. Владимир Никитенконың бастауымен өткен қандай ойынды ерекше атап өте аласыз?

- Барлық ойындар қиын болды. Әрине, көптеу ұпай жинағымыз келді, ол үшін жақсы мүмкіндіктер болды. Құрлықтық турнирдің финалдық кезеңіне шығамыз деген үміттемін. Бізде топ мықты, бірақ біздер бір орында тұрмай, жұмыс жасап жатырмыз. Ұлттық құрама барша жанкүйерлерді қуантуға тырысады, сол себептен болашақта оданда сәтті өнер көрсетуге тырысамыз.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст