Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

«Қайрат» — Қазақстан Кубогының иегері!

«Қайрат» бұл жүлдені сегізінші рет жеңіп алды.

«Қайрат» - «Атырау» - 1:0

Голдар: Гоу, 70

«Қайрат»: Плотников Владимир, Исаэль Барбоза, Аршавин Андрей, Гоу Жерар (Анене, 87), Арзо Ампоста Сесар, Элек Акош, Бато Шелдон, Ахметов Елдос (Соколенко, 65), Сүйімбаев Ғафуржан, Исламхан Бауыржан (к), Парагульгов Магомед (Балтабаев, 90).

Резерв: Покатилов Стас, Анене Чума Энеке Уче, Вороговский Ян, Рудосельский Тимур, Қуантаев Ермек, Балтабаев Ойбек, Лунин Станислав

«Атырау»: Нәрзіқұлов Жасур, Джокич Йован, Двалишвили Владимир (Саломов, 80), Лобжанидзе Уча, Сикимич Предраг, Аблитаров Ризван, Максимович Новица, Абдрахманов Эльдар, Хайруллин Марат (к), Чичулин Антон, Сергиенко Эдуард (Сулей, 80).

Резерв: Пасеченко Андрей, Обшивач Юре, Қалмұратов Қуаныш, Эсатов Руслан, Қайраллиев Дәурен, Коробов Захар, Тәжімбетов Дәуренбек

 

Финалдық матч қызықты өтетіні белгілі, бұл ойын Қазақстанның футболсүйер қауымын өзіне қарата алды. Бұл алматылықтар үшін қатарынан төртінші финал болатын.

Кездесу Андрей Аршавиннің орындауындағы мүмкіндіктер басталды. Жартылай қорғаушы айып алаңына жақын жерде соққы жасаған – доп қақпадан сәл биік кетті. «Атырау» Сикимичтің қауіпті шабуылымен жауап қатты: шабуылшы Плотников қақпасынан саңлау табуға тырысқан, Владимир – орнында.

Араға үш минут салып Гоу Нәрзіқұловпен бірге-бір шыққан, «Атыраудың» голкипері өз командасын құтқарып қалды. Көп ұзамай Арзо айып алаңында соққы жасаған, бұл допты Әбдірахманов алып шықты.

Мұнымен «Қайрат» өз қарқынын азайтқан жоқ. Магомед Парагульгов айып алаңына ене бере соққы жасаған, Нәрзіқұлов тағы да допты қайтара алды. Бірінші таймда гол соғылмай, командалар үзіліске кетті.

Ойынның екінші жартысы қауіпті шабуылдарсыз басталды. Командалар көбіне допты алаң ортасында жүргізді. Кездесудің 57-минутында Максимович алыстан жойқын соққы жасаған, алайда доп сәл биік кетті.

Араға 10 минут салып Парагульков қауіпті соққы бағыттады, бірақ бұл жолы да Нәрзіқұлов өз командасын құтқарып қалды. Келесі шабуылында «Қайрат» «мұнайшылар» қақпасына гол соға алды: Александр Соколенко жақын бағананың маңында допты иемденген. «Атырау» ойыншысына тиген доп Жерар Гоудың аяғына келді. Соңғысы мүлт кетпеді – 1:0!

Кездесудің 82-минутында Хайруллин матчтың таразы басын теңестіріп тастайтын мүмкіндікке ие болды. Жартылай қорғаушының соққысын Плотников алып шықты!

Кездесудің аяғында Кучин қателесіп, Жерар Гоуды алаңнан қуды. Бірақ бұдан соң «Қайраттың» құрамы азайып қалған жоқ. Себебі Жерар ол кезде қосалқы құрамда отырған болатын.

Соңғы ысқырыққа дейін матчтың есебі өзгерген жоқ және «Қайрат» Қазақстан Республикасы Кубогының иегері атанды.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст