Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

«Қайрат» - Қазақстан Суперкубогының иегері!

Сары-қара түстілер елордалық «Астанаға» қарсы ойынды сенімді жеңіске жетті – 2:0.

«Қайраттың» бапкерлік штабы ешқандай тәжірибе жасамай, Суперкубок матчында алаңға жаңа ойыншыларды шығарған жоқ. Тек Елдос Ахметовті ғана айта кету керек, ол алматылықтар сапына былтырғы маусымның аяғында қосылған болатын.

Ел кубогының былтырғы финалымен салыстыратын болсақ, бұл жолы Алматыда ауа-райы тамаша тосын-сый жасамаса да, «Орталық» стадионның көгалына ойын күні қар жауған жоқ.

Қайраттықтар жағдайды асықтырмай, астаналықтардың бірінші нөмірмен ойнауына мүмкіндік берді. Қорғаныс арқылы ойнап үйреніп қалған елордалық команда сары-қара түстілердің мұндай ойын мәнерін күтпей қалса керек. Ойындағы алғашқы қауіпті мүмкіндікті «Астана» ұйымдастырды, Кабананга айып алаңына енер тұста қарсыласынан сытылып өтіп, соққы жасады – доп қиыс кетті.

Номиналды қонақтар, яғни, қайраттықтар бірінші таймның ортасына таман өзінің үйреншікті футболын көрсете бастады. Алматылықтар жиірек шабуыл жасағанымен, ұмтылыстардың көбі қақпаға соққы бағыттаумен аяқталған жоқ. Тек Аршавин мен Исаэльдің мүмкіндіктерін атап өтуге болады, «Астананың» капитаны өз қақпасын голдан сақтай алды.

Екінші таймда алматылықтар қысымын ұлғайтып, «Астана» алдыңғы шепте ештеңе ұйымдастыра алған жоқ. «Қайрат» қос қаптал арқылы жақсы ойнады, бірақ сары-қара түстілерге соққы бағыттау қиын болып жатты. Ал жасалған соққылар Эрич пен оның командасына ешқандай қауіп төндірген жоқ. «Астананың» қақпасына алғашқы голды Жерар Гоу соққан, алайда ивуар шабуылшы ойыннан тыс қалып, бұл гол есепке алынған жоқ.

«Қайрат» қысымын азайтпай, қарсылас қақпасынан саңлау таба алды. Сесар Арзо Исламханның пасын пайдаланып, маусымда алғашқы голды соқты – 1:0.

«Астана» бірнеше футболшысын ауыстырып, өзгерістер енгізуге тура келді. Алаңға Мұртазаев пен Жалмұқан шықты, олар Плотников қақпасына қауіп төндіре алды. Бірақ біздің қақпашы мен қорғаныс шебі қате жіберген жоқ. 90-минутқа таман Владимир тамаша сейв жасап, Маевскийдің соққысын алып шықты.

«Қайрат» бұл есепті сақтап қана қоймайғ басымдығын ұлайта алды. Келесі шабуылда Қуат Эричпен бірге-бір шығып, мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ – 2:0.

Осылайша, «Қайрат» Қазақстан Суперкубогының екі дүркін иегері атанды! Бәріңізді жаңа маусымның басталуымен құттықтаймыз. Чемпионаттағы алғашқы мат 8 наурызда өтеді, біздің қарсыласымыз «Ақтөбе» ФК болмақ.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст