Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Қайрат Боранбаев: «Федерация алдында үлкен мақсаттар тұр»

«Қайрат» ФК президенті Қазақстан футбол федерациясының кезектен тыс конференциясы туралы пікірін айтты:

- Бірінші кезекте, Сейілдә Байшақовты ҚФФ Президенті қызметіне сайлануымен құттықтағым келеді. Ол футболды жақсы білетін адам және оның мәселелерімен жақын таныс. Біз атағы шыққан ардагерді сайланғанымен шын жүректен құттықтаймыз. Федерация алдында үлкен мақсаттар тұр және ҚФФ-ның жаңа басшылығы алға қойылған тапсырмаларын орындайды деп үміттенеміз.

- Сіз бұрын ҚФФ атқарушы комитетінің құрамына енген едіңіз, бірақ бүгін қазіргі атқарушы комитет өз жұмысын тоқтаты. Сіз неліктен келесі жылғы құрамға енбедіңіз?

- Атқарушы комитетінде жұмыс көп уақытты, салмақты көзқарасты қажет етеді. Өкінішке қарай, ҚР Паралимпиадалық комитеті мен «Қайрат» ФК-дағы қолым босамай, уақытым аз болып жүргендіктен бұл қызметке көп көңіл бөле алмаймын. Осының салдарынан аталмыш қызметтен кетіп, келесі жылғы Атқарушы комитетінің құрамына енген жоқпын. Енді сайланған құрам алға қойылған мақсаттарды орындап, қазақстандық футболға өз пайдасын алып келеді деп үміттінеміз. 

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст