Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Қайрат Боранбаев Оңтүстік Кореяда алғашқы қазақстандық алаугер атанды

Қайрат Боранбаев Оңтүстік Кореядағы қысқы 2018-жылғы Олимпиада ойындарының Қазақстан атынан алғашқы алаугері болды.

 

ҚР Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаевтың кандидатурасы Пхёнчхандағы ұйымдастыру комитетімен бекітілді. Қазақстандық спортшы алауды Чеджу қаласында алып өтті.

 

«Осындай дүбірлі додада Қазақстанның атынан шығу мен үшін мәртебе. Олимпиада ойындарына бүкіл әлем көз тігіп отыр. Паралимпиялық спорт Олимпиялық спортқа маңызы жағынан теңелгені қуантады. Қазақстанда да Паралимпиялық спортқа деген қызығушылық артып келеді. Алауды алып жүруге Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті ретінде менің шақырылғанымның өзі осыған үлкен дәлел. Барлық спортшыларға жеңіс тілеймін», - деді Қайрат Боранбаев.

Дереккөз: inform.kz

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст