Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

«Қайрат» ФК — L’Officiel нұсқасы бойынша жылдың үздік спорт клубы

Біздің клубымыз L’Officiel Award 2017 жүлдесінің жеңімпазы атанды.

 

Интернет-сауалнама 8 және 26 қыркүйек арасында өтті. Мұнда кез келген адам 13 номинация бойынша үздік үміткерге дауыс бере алды. Біздің номинациядан бөлек, мәдениет, өнер, кино және бизнес өкілдері де үміткер болды.

 

Сондай-ақ, «Қайрат» футбол клубынан басқа, үздік спорт клубы номинациясына «Астана» ФК, «Astana Pro Team», «Astana Arlans» және «Қайрат» АФК қатысты. Дауыс беру қорытындысы бойынша, жеңімпаз атағы «Қайрат» футбол клубына бұйырды, қатысушылардың 50%-ы дауысын біздің клубқа берген.

 

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі «Ritz Carltlon» қонақүйінде өтті. Оған белгілі қайраткерлер мен барлық номинацияның лауреаттары қатысты. Ерекше атап өтерлік жайт, алматылық клубтың жүлдесін Қазақстан Республикасының спорт шебері Дәулет Тұрлыханов табыстады.

 

Маусым бойына командаға қолдау көрсетіп келе жатқан жанкүйерлерімізге үлкен алғыс айтқымыз келеді. Біздің қаламыз – біздің командамыз. «Қайратқа» жанкүйер бол!

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст