Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

«Қайрат» ФК Түркиядағы жиынын жалғастыруда

«Қайрат» футбол клубы бүгін Түркиядағы екінші оқу-жаттығу жиынының екінші кезеңін бастайды. 

Алғашқы жеті күн ауыр жаттығулармен өтті – футболшылар күніне екі рет, ертеңгісін және кешке жаттығулар жасап тұрды және олардың әрқайсысы әр түрлі болды. Бірінші кезеңнің соңында албаниялық «Кукесимен» жолдастық кездесу өткізіп, «Қайрат» 1:0 есебімен жеңіске жетті. Бұл ойында алматылықтар сапында екі түрлі құрам алаңға шықты. Алматылық команданың бас бапкері ойынға да, жиынға да көңілі толды, бірақ Герсон Асеведоның жарақаты көңілге күрбең түсіреді. 

Енді клубымыздың бапкерлік штабы жиынның екінші кезеңін өткізеді, мұнда жатығулардың күшейтілген бағдарламалары қосылады. Ең соңында ресейлік «Оренбургпен» спарринг-матч өткізеді. 

Айта кетейік, футболшылар жаттығу кезінде арнайы құрылғылар қолданып жүр, бұл құрылғы спортшылардың физикалық жағдайларын онлайн түрінде анықтап береді, осылайша ол бапкерлік штабқа ойыншылардың жаңа маусымға дайындығына көмектеседі. 

Назарларыңызға командамен бірге жаттығып жатқан футболшылар тізімін ұсынамыз:

Қақпашылар: Владимир Плотников, Стас Покатилов, Олег Грубов.

Алаңдағы ойыншылар: Тимур Рудосельский, Ян Вороговский, Жарко Маркович, Исламбек Қуат, Михаил Бакаев, Бауыржан Исламхан, Исаэль Барбоса, Жерар Гоу, Ермек Қуантаев, Сезар Арзо, Бауыржан Тұрысбек, Нұрлан Дайыров, Мадияр Райымбек, Ғафуржан Сүйімбаев, Рифат Нұрмұғамет, Елдос Ахметов, Андрей Аршавин, Герсон Асеведо, Бруно Соарес, Георгий Жуков, Айбол Абикен, Ойбек Балтабаев, Стас Лунин.

Байқауда: Вилли Евсеев, Офосу Аппиа.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст