Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

«Қайрат» ФК журналистерді тіркеуді бастайды

«Қайрат» футбол клубы Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионаты мен Қазақстан кубогы аясында өз алаңындағы матчтарда жұмыс істеу үшін БАҚ өкілдерін тіркеуді бастайды. 

Тіркеу құжатын алу мақсатында сіздің кандидатураңызды қарау үшін press@fckairat.kz электрондық мекен-жайға 2017 жылдың  18 ақпанына дейін жіберу қажет:

Аккредиттеу құжаты:

Аккредиттелген журналистерге «Қайраттың» өз алаңындағы ойындарына (қазақстан Суперкубогығ ел чемпионаты және ҚР Кубогы) кіруге рұқсат беретін құжат табысталады. 

Аккредиттелген құжат матч кезінде «Орталық» стадионға кіруге, басылымдар ложасы мен баспасөз залына енуге мүмкіндік береді. 

Тіркеу мынадай мәліметтерден тұрады:

- Ұйымның аты.

- БАҚ-тың түрі және аты.

- Делегаттың аты-жөні мен қызметі.

- Делегат ұсынылған ұйымның мөрі және редакциялық тапсырмамен қатар, бас редактор / жетекшінің қолтаңбасы. 

- Байланыс құралы (міндетті түрде эл. поштаның мекен-жайы және ұялы телефон нөмірі).

- 3х4 см көлем мен сандық форматтағы жақсы сапалы фотосурет. Ақ фонмен болғаны абзал.

БАҚ тіркелген жағдайда мына үлестер қаластырылған:

- баспалық БАҚ-тан – 1 журналист + фотокорреспондент

- ТВ / Радио редакциясынан – 2 журналист + оператор

- ақпараттық агенттіктерден – 1 журналист + фотокорреспондент

- электрондық БАҚ-тан – 2 журналист + фотокорреспондент.

Басқа қаладағы журналистер үшін матч күнінде бір рет қолданылатын тіркеу құжаттары беріледі.  

БАҚ өкілдері Орталық стадионның 11-подъеді арқылы кіреді. Матч барысында журналистер мен видеооператорлар баспасөз ложасында болуы тиіс, ал фотокорреспонденттер ерекше омыраушымен алаң жиегінде фотографтардың орнында болады. 

«Қайрат» футбол клубы мынандай жағдайларда журналисті тіркеуден бас тартады:

- Тіркеуге сұраныс жібергенде тәртіптің бұзылуы

- Шындыққа жанаспайтын ақпараттар таратылуы

- журналистің редакцияда жұмыстан шығуы (бұл жағдайда редакция басқа журналисті тіркей алады)

- бұқаралық ақпарат құралының өз жұмысын тоқтатуы

- матч немесе баспасөз-мәслихаты барысында стадионда қандай да бір ереженің бұзылуы.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст