Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Қайраттықтар – Бірінші лига 25-турының үздіктері қатарында

ҚКФЛ өткен турдың статистикалық мәліметтерін ұсынды.

 

Командалық көрсеткіштер бөлімінде «Қайрат А» допқа иелік ету бойынша үздік болды – алматылықтарда 57% (29:07). Сондай-ақ, «сары-қара түстілер» пастар бойынша тур үздігі атанды – 496 пастың 424-і командалар әріптестеріне дәл жеткен.

 

Жеке көрсеткіштер бөлімінде «Қайрат А» қақпашысы Илья Караваев Instat Индексі бойынша үздік шықты – оның ұпайы 214-ті құрады. Техникалық-тактикалық әдістер бойынша Седрик Гогуа үздік – қорғаушыда 89 ұпай. Ал «дриблинг» көрсеткішінде Бауыржан Тұрысбек басқаларынан оқ бойы алда – ол қарсыласын 7 рет алдап өткен, сондай-ақ, шабуылшы қарсыластан 14 рет жекпе-жекті жеңіп алған. Бұл Бірінші лига 25-ші турының екінші үздік көрсеткіші.

 

Instat индексінде «Қайрат А» екінші орын алды, ал бірінші сатыға «Қыран» командасы жайғасты.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст