Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Акош Элек: «Кубокты жеңіп алғаныма қуаныштымын»

«Қайрат» ФК жартылай қорғаушысы және Қазақстан Кубогының иегері Акош Элек «Атырауды» жеңгеннен кейін өз әсерімен бөлісті.

 

- Бірінші кезекте, кубокты жеңіп алғаныма қуаныштымын, себебі бұған дейін Венгрияда мұндай турнирде екі рет финалға қатысып, екеуінде де жеңіліп қалған едім. Енді мен кубоктың иегері деп айта аламын! Бұл, расымен де, «Атырауға» қарсы ауыр матч болды. Олардың командалары өте жақсы ойнады, гол соғатын мүмкіндіктері болды.

 

Бұл матч қазақстандық футбол үшін жақсы жарнама болды деп ойлаймын, себебі екі команда да қарқынды ойнап, әдемі ойын өрнегін көрсете алды. Ал біз матч бойы допты бақылауда ұстап, осы жеңіске лайықты болдық!

 

Алда бізді үш ойын күтіп тұр, бәрін де жеңіспен аяқтағымыз келеді. Біз дұрыс жолда келе жатырмыз деп ойлаймын және көп жұмыс істеп жатырмыз, сондықтан, келесі маусымда да осылай жігерлене ойнауымыз керек, чемпионаттың басында сүрінбеуге тырысамыз. Жарақаттардан аман болып, жеңіске көп мүмкінгіміз болғанын қалаймын! Біздің арманымыз осы, сол үшін тер төгіп жұмыс жасай беруді жалғастырамыз.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст